07.07.2009, 11:04 1316

ҚХР Шыңжан ауданында болған тәртіпсіздіктерден құрбан болғандар саны 156 адамға жетті және ол сан ұлғая түсуде

ҚХР Шыңжан ауданында болған тәртіпсіздіктерден құрбан болғандар саны 156 адамға жетті және ол сан ұлғая түсуде

Алматы. 7 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР Шыңжан ауданында болған тәртіпсіздіктерден құрбан болғандар саны 156 адамға жетті және ол сан ұлғая түсуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Синьхуа" ақпаратына сәйкес, кеше 6 шілде күнгі сағат 19-да жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандар саны 156 адамға жетті. Олардың арасында 129 ер адам және 27 әйел бар. 1080 адам жарақаттанған.

Қазіргі жағдаймен жергілікті полиция 1434 күдіктіні ұстады. Олардың арасында 1379 ер адам мен 55 әйел бар. Тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 5 шілде күні кешке Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласында, ҚХР-ның солтүстік-батысында жаппай тәртіпсіздіктер болды. "Жэньминь жибао"газетінің ақпаратына сәйкес, тәртіпсіздіктерді қазір АҚШ-та тұратын ұлтшыл-сепаратист әйел Ребия Кадирдің басқаруындағы "Ұйғырлардың бүкіләлемдік конгрессі" ұйымдастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны