05.08.2008, 13:49 1342

Қырғызстанға АҚШ Конгрессі сенатының демократиялық көпшіліктің жетекшісі Хэрри Рид басқарған делегациясы келді

Қырғызстанға АҚШ Конгрессі сенатының демократиялық көпшіліктің жетекшісі Хэрри Рид басқарған делегациясы келді

Бішкек. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанға кеше АҚШ Конгрессі сенатының демократиялық көпшіліктің жетекшісі Хэрри Рид басқарған делегациясы келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстандағы АҚШ елшілігінің бұқарамен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

"Делегацияның үш күндік сапары барысында Қырғызстанның жоғарғы басшылығымен екі жақты байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады. Бүгін олар Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездеседі", -деп хабарлайды елшілік.

Сенаторлар АҚШ-тың Қырғызстанға көмек көрсету бағдарламаларымен танысып, Бейбітшілік корпусының еріктілерімен кездесіп, "Манас" әуе базасын аралайды. Делегация құрамында сенатор Джеф Бингеман, сенатор Билл Нельсон, сенатор Джонни Исаксон мен сенатор Роберт Менендес бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны