18.05.2017, 14:45 4545

Қызылорда қаласындағы мектеп оқушылары техниканыӊ жаӊа бір түрін ойлап тапты

Автоматтандырылған көлік эрозия және тотығу процестеріне шалдыққан топырақты жинап және қайта өндей алады.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ 9-сынып оқушылары Арайлым Өмірбекова және Тимур Шәріп ауылшаруашылық саласында кеӊінен қолданылатын техниканыӊ жаӊа бір түрін ойлап тапты. Автоматтандырылған көлік эрозия және тотығу процестеріне шалдыққан топырақты жинап және қайта өндей алады. Жерді қопару барысында арнайы резервуарға түскен топырақ түрлі қоспалармен, органикалық қосылыстармен құнарландырылады. Жер түрлі тыӊайтқыштармен байытылған соӊ, басқа ақылды техника тұқымдарды егеді.

"Жерді тиімсіз пайдалану және игеру бүгінде өзекті мәселелердіӊ біріне айналды. Экологиялық таза автоматты робот - диқандарға және аграрлық саланыӊ дамуына үлкен септігін тигізеді. Жобаныӊ тиімділігіне тоқталатын болсақ, техникамен қашықтықтан басқаруға болады, бұрын дәстүрлі әдіспен басқару диқандардыӊ жұмысын ауырлатып, ұзақ уақытты қажет ететін, ендігі жаӊа құрылымныӊ игілігін көретін болдады ", - дейді оқушылар.

Сонымен бірге, жоба авторлары болашақта бұл ақылды қондырғылар ауылшаруашылық саласыныӊ дамуына үлес қосарына сенеді. Себебі, робот жұмыс тиімділігін арттырып, жұмсалатын шығындарды азайтады.

Оқушылардыӊ бұл жобасын облыстыӊ мамандары жоғары бағалады. Роботтық техника бойынша "KazRoboProject-2017" республикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауыныӊ аймақтық кезеӊінде Арайлым Өмірбекова мен Тимур Шәріп жүлделі 1-орынмен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны