14.03.2017, 20:50 4948

Қызылорда облысында жастардыӊ инновациялық жобалар жәрмеӊкесі өтті

Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Болашақ энергиясы" атты облыс жастарыныӊ инновациялық жобалар жәрмеӊкесі өтті.

Қызылорда. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Болашақ энергиясы" атты облыс жастарыныӊ инновациялық жобалар жәрмеӊкесі өтті.

Өнертапқыш жастардыӊ жаӊашыл жобаларына қолдау көрсетуді көздеген жәрмеӊкеге Қызылорда қаласы мен аудандардан 30-дан астам өнертапқыш қатысты.

Көп жұмыстыӊ арасынан С. Жиенқұлов атындағы "Байқоӊыр" колледжініӊ оқытушысы Данагүл Амангелдиеваныӊ "Магниттік жол" жобасы бірінші орынға лайық деп танылды. Ал Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары Еркебұлан Жақсылықов пен Динара Ниязова "Табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозиттер" жобасымен екінші орын алды. Үшінші орын қалалық өнер мектебініӊ оқытушысы Нүрия Мәкенованыӊ "Өнер мектебі" жобасына берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны