10.07.2017, 18:27 4398

Қызылорда облыстық филармония жарты жылда 107 концерт ұйымдастырды

Өнер ұжымы жарты жылда 107 концерт ұйымдастырып, оған 31662 көрермен тартылды. Өзге облыстар мен елді мекендерде 43 гастрольдік, 10 қайырымдылық концерт өткізілді

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Соӊғы жылдары Қызылорда облыстық филармония шетел асып, сырттағы көрерменге өз өнерлерін ұсынып жүр, деп хабарлайды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасыныӊ мамандары.

Өрісі кеӊейген өнер ұжымы бірінші жартыжылдықта Изербайжанныӊ Баку және Шеки қалаларында концерт берді. Изербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардыӊ 25 жылдығына арналған бұл шараға Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымыныӊ қатысқанын да айта кеткеніміз жөн болар.

Облыстық филармонияныӊ әртістері ағымдағы жылдыӊ 20-21 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасыныӊ Ташкент қаласында Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығыныӊ 25 жылдығына орай үйымдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Өнер ұжымы жарты жылда 107 концерт ұйымдастырып, оған 31662 көрермен тартылды. Өзге облыстар мен елді мекендерде 43 гастрольдік, 10 қайырымдылық концерт өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны