25.05.2017, 15:09 5352

Қызылордада жастарға қызмет көрсететін орталық салынады

Қызылорда облысында демеушілер есебінен жастарға қызмет көрсету орталығыныӊ құрылысын жүргізу қолға алынды.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында демеушілер есебінен жастарға қызмет көрсету орталығыныӊ құрылысын жүргізу қолға алынды. Бұл туралы облыс әкімі Қ. Көшербаев "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасыныӊ тікелей эфирінде өткен "Икім сағаты" хабарында мәлім етті. Жастарға қызмет көрсету орталығы Сырдария өзенініӊ сол жағалауын дамыту жоспарына сәйкес бірінші кезектегі құрылыстар тізімінде тұр. Орталықта жастардыӊ бос уақытын тиімді ұйымдастыратын продюсерлік орталық, жаттығу залы, анти-кафе, интернет кітапхана, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлмелер, медициналық және психологиялық кеӊес беру қабинеттері жұмыс жасайды Қазіргі таӊда, нысан құрылысын жүргізетін инвестор анықталып, жер телімдері бөлінді. Құрылыс жыл соӊына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі түбегейлі шешілмек

Облыста апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. М?селен, осыдан төрт жыл бұрын мұндай білім ошақтарыныӊ саны 37 болған. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасында тікелей эфирдегі "Икім сағаты" бағдарламасында айтты.

Оныӊ ішінде 25 мектеп 2013-2015 жылдар аралығында жаӊаланды. Қалған 12 мектептіӊ 8-і бірер күн ішінде ашылады. Төрт білім ұясыныӊ құрылысы тамыз айында тәмамдалмақ. Осылайша облыста апатты мектеп мәселесі түбегейлі шешіледі. Сонымен қатар, ауылдағы мектептердіӊ материалдық базасын нығайтып, инновациялық технологиялармен қамту және мұғалімдердіӊ біліктілігін арттыруға баса мән беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны