17.01.2013, 14:06 4760

Қызылорданың перинаталдық орталығында бес егіз дүниеге келді

Жыл басынан бері Қызылорданың перинаталдық орталығында бес егіз дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева хабарлады.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылорданың перинаталдық орталығында бес егіз дүниеге келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жыл басынан бері Қызылорданың перинаталдық орталығында бес егіз дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева хабарлады.

"Жыл басынан бері ондаған сәби туды. Қаңтардың алғашқы күндері перинаталдық орталықта бес егіз және бір үшем дүниеге келді. Жас аналар мен сәбилердің барлығы аман, біз кейбір егіздердің есімдерін де білеміз. Олардың есімдерін бақытты әкелері қойды", - деді Н.Тұрсынбаева.

Жаңа жыл мерекесінен бір апта өткеннен кейін Қызылорданың перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Үшемнің анасы Жаңаарқа ауданы, Талап ауылының тұрғыны Гүлзира Сәдуақасова. Үшемге Алтын, Гаухар, Меруерт деген есімдер қойылды. Ал егіздердің барлығы ұл балалар. Кейбір сәбилердің есімдері белгілі. Оларды ата - аналары Нұрислам, Нариман, Нұрасыл, Ерасыл деп атады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны