25.08.2011, 13:48 4035

Қостанайда полиция қызметкері қағып кеткен қыз қайтыс болды

Таяуда жолда 8 жасар қыз баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты жаза кесіледі.

Қостанай. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Қостанайда полиция қызметкері қағып кеткен қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, таяуда жолда 8 жасар қыз баланы қағып кеткен жүргізушіге қатысты жаза кесіледі.

Бүгін апатқа ұшыраған қыз баланың ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі таратты.

Бұрын ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздың хабарлағанындай, 23 тамыз күні полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан "ВАЗ-2108" көлігі көліктен озып кетемін деп жаяу жүргіншіге арналған жолмен кетіп бара жатқан қыз баланы қағып кеткен. Сараптама анықтағандай, полиция қызметкері алкоголді ішімдік ішпеген, қызметтен тыс уақытта болған.

24 тамыз күні жол апатына кінәлі кіші жедел уәкіл, полиция аға сержанты Ерхан Жәкібаев уақытша оқшаулау орнына жабылды. Полиция қызметкеріне адам өліміне алып келген жол жүру ережесін бұзған деген айып тағылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны