03.02.2016, 11:06 3195

ҚТЖ электр қуатын үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруда

Қазақстанныӊ жүзге жуық теміржол станциясы қуат көзін үнемдеуші заманауи құрылғылармен жабдықталған

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ жүзге жуық теміржол станциясы қуат көзін үнемдеуші заманауи құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі кезде 11 588 диодты шамдар орнатылып, соныӊ нәтижесінде 2015 жылы айына миллион кВт.сағат электр қуатын үнемдеуге қол жеткізді.

Жаӊа шамдар станцияларды жарықтандыру сапасын көтереді. Ол арқылы мыӊдаған вагондардыӊ техникалық және коммерциялық жағдайын тексеру, жолаушылар және жүк пойыздарын дайындау мен жөнелту қызметтері атқарылады.

Қайта жаӊарту жұмыстарыныӊ нәтижесінде еліміздіӊ ірі станциялары, мәселен, батыс өӊірдегі Ақтөбе, Мақат, Маӊғыстау станцияларында, солтүстік өӊірдегі -Көкшетау, Құсмұрын, шығыстағы - Семей, Үштөбеде қуат көзін үнемдеуші жаӊа қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталған.

"Аталмыш жарық шамдары магистральдық желідегі станцияларды жарықтандырады. Олар электр қуатын үнемдеп қана қоймай, ауа райыныӊ қолайсыз кезеӊдерінде де үзіліссіз жұмыс істейді. Ирі пайдалану мерзімі де ондаған жылдарға жетеді",- дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясыныӊ директоры Сәкен Орынбаев.

Станциялар мен темір жол өтпелеріндегі, инфрақұрылым нысандарындағы сыртқы жарықтандыру қондырғыларын қайта жарақтандыру "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ныӊ технологиялық үдерістегі қуат үнемдеуін жақсарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Ұлттық компания 2017 жылдыӊ аяғына дейін жиырма мыӊнан астам диодты шамдарды орнатуды жоспарлап отыр.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны