Сурет: Нұр-Сұлтан қаласының ІСБ
Премьер-Министр тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып, халықты жаппай ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды.
Жаппай ревакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 млн адамды ревакцинациялау қажет", — деді А. Мамин.
Вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап 6 ай уақыт өткен азаматтар бұған дейін салынған вакцинаның түріне байланысты қайта вакцина алады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар әлемде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Үкімет басшысы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтаудың қатаң міндеттілігіне ерекше назар аударды.
Бүгінгі таңда 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 80%-ға жуығы, 8,5 млн-ға жуық адам немесе ересек адамдардың 75%-ы екінші компонентін алды.
242 мың жасөспірім вакцинаның І компонентін алды, II компонентін – шамамен 90 мыңы. Ревакцинациядан 450 мың адам өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.