12.10.2022, 16:41 18936
Медеу саябағының жерлерін құрылыс салуға беру туралы ақпаратты прокуратура тексереді
Достарға айту
Алматы. 12 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттары ұсынған ақпаратты тексеруді тапсырды.
Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында Алматыдағы кей жерлерге қатысты заңсыздықтарды анықтап, тексеруді талап етті.
"Алматының прокурорына депутат Азат Перуашевтің Медеу табиғи паркі аумағының бір бөлігін иеліктен шығарып жібергені туралы ақпаратын тез арада тексеруді тапсырдым. Егер ақпарат расталса, заңсыздық жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылады", - деп жазды Бас прокурор.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев белгілі заңгер Бақытжан Базарбектің мәліметіне сүйене отырып, Алматыдағы Медеу табиғи саябағының 20 пайызы тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз берілгенін мәлімдеген еді.
"Алматының бұрынғы басшылығы (Бақытжан Сағынтаев) былтыр Медеу мемлекеттік табиғат паркінің рекреациялық аймағынан шамамен 22,5 гектар аумақты шығарып тастаған. Бұл аумақта бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемі бар орман алқабы орналасқан", - деді депутат.
Ақпарат көзі: exk.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.08.2026, 15:44 146
Comic Con Astana 2026 фестиваліне 76 мыңнан астам қонақ келді
Достарға айту
6-9 тамыз аралығында Астана қаласында заманауи поп-мәдениетке арналған бесінші халықаралық Comic Con Astana 2026 фестивалі өтті. Төрт күн ішінде іс-шараға 40-тан астам елден 76 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Фестиваль алғаш рет бірден төрт халықаралық хедлайнерді - Николай Костер-Вальдау, Пол Андерсон, Иньяки Годой және Таз Скайлар сияқты жұлдыздарды қабылдады. Актерлер жанкүйерлерімен кездесіп, Q&A сессияларына қатысып, қолтаңбалар таратты. Сондай-ақ, фотосессия да ұйымдастырылды.
"Тақтар ойыны" телехикаясындағы Джейме Ланнистер рөлімен танымал Николай Костер-Вальдау қонақтардың ерекше назарын аударды. Журналистермен кездесу барысында актер Қазақстаннан алған әсерімен бөлісіп, Астанада бір күн ішінде соңғы үш жылда жемеген етті жегенін әзілмен атап өтті.
"Кез келген ел туралы алғашқы әсерді адамдар қалыптастырады. Қазақстанда мені өте жылы қарсы алды. Адамдар ашық әрі мейірімді. Сондай-ақ, маған Қазақстанның табиғаты бейнеленген суреттей таңғажайып екен. Енді табиғатты, әсіресе Маңғыстауды көру үшін мұнда міндетті түрде қайта келуім керек", - деді Николай Костер-Вальдау.
Актер журналистредің Қазақстан «Тақтар ойынының» географиясында қандай орын алуы мүмкін деген сұрағына еліміз ықпалды көршілер арасындағы дипломатия аумағы болар еді деген жауап берді.
"Егер "Тақтар ойыны" тұрғысынан пайымдасақ, Қазақстан қазірдің өзінде өте ықпалды екі көршінің ортасында орналасқан. Телехикаяда ол Ланнистерлер мен дотракилер елінің арасында орналасып, дипломатия аумағына айналар еді. Оны екі тарап та өзінің ең жақын досы санайтын ел болары сөзсіз", - деген оймен бөлісті фестиваль хедлайнері.
"Өткір күнқағарлар" телехикаясындағы Артур Шелби рөлімен танымал британдық актер Пол Андерсон да фестивальге жоғары баға берді.
"Менің бар болымысым осы. Өзімді басқа адам етіп көрсете алмаймын және әдетте алған әсерім туралы шындықты айтамын. Сондықтан бұл - мен қатысқан Comic Con фестивальдерінің ішіндегі ең үздігі екендігін шын жүректен айта аламын", - деді актер.
Netflix-тің One Piece телехикаясының жұлдыздары Иньяки Годой мен Таз Скайлар да жанкүйерлерімен кездесіп, фестиваль бағдарламасына қатысты.
Comic Con Astana фестиваліне алғашқы күні 16 мыңнан астам адам келіп, жоба тарихындағы ашылу күнінің рекордтық көрсеткішін көрсетті.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі халықаралық косплей байқауы болды. Оның қазылар алқасының құрамына Kamui Cosplay және Leon Chiro секілді индустрияның танымал өкілдері енді. Байқаудың жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды.
Фестиваль аясында музыкалық қойылымдар, соның ішінде оңтүстіккореялық Kandis K-pop тобының концерті өтті. Сондай-ақ блогерлермен, суретшілермен, косплейшілермен және контент жасаушылармен түрлі кездесулер ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.08.2026, 14:26 811
Алматыда оқу жылының басталуына орай көлік кептелісі күрт артады деп күтілуде
Достарға айту
Алматыда алдағы уақытта оқу жылының басталуына орай жол қозғалысына бақылау күшейтіліп, көлік көп жүретін қиылыстарда жаяу патрульдер жол тәртібін қадағалайтын болады, деп мәлім етті Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Оның мәлімдеуінше, қалада көптеген жерлерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың бір бөлігі оқу жылы басталғанға дейін аяқталмайды. Көлік жүктемесінің артуы мүмкін болғандықтан, полиция қозғалыс ең көп учаскелердегі бақылауды күшейтеді.
"Жүктеме, әрине, өте үлкен болады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалайтын жаяу патрульдер жол қиылыстарына қойылады. Жүргізушілердің жол қиылысы бос емес екенін және алда кептелістің бар екендігін біле тұра, оған кіріп кетіп, көлік қозғалысын толық тұралап қалуына себепкер болатынын жиі көреміз. Осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін міндетті түрде полиция жасақтарын қоямыз", - деді Ноғайбаев.
Сонымен қатар, Алматының кіреберіс жолдарына да полиция жасақтарын қою жоспарланып отыр. Олар Құлжа трактісі, сондай-ақ Қарасай және Іле аудандары жағынан келетін көлік қозғалысын бақылайды.
Жол жүктемелерінің шамадан тыс болуы Алматы үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Полиция мәліметінше, басқа өңірлерден келетін көліктерді есепке алғанда, мегаполис көшелерінде күн сайын 1,5 млн-нан астам көлік жүреді.
"Әсіресе қалаға кіреберістерге түсетін жүктеме жоғары. Әкімдіктің мәлімдеуінше, Алматыға күн сайын 300 мыңға жуық автомобиль кіреді. Ең көп жүктеме түсетін учаскелердің бірі - Алматы - Қаскелең жолы. Ондағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 60 мың көлікке дейін жетеді. Шілде айында Алматы - Бішкек тасжолының сегіз шақырымдық бөлігін төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталды. Жобаны 2027 жылғы желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланып отыр",- деп айтылған хабарламада.
Жол желісіне жалғасып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары мен соларға байланысты қозғалыс шектеулері де қосымша салмақ түсіруде. Атап айтқанда, 14 шілде мен 25 тамыз аралығында Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі бөлігі жабылды. Шектеулер көшені ұзарту жұмыстарына байланысты енгізілді.
Көлік ағындарының қайта бөлінуінен де қиындықтар туындап отыр. Мамыр айында Қалалық мобильділік басқармасы Тимирязев көшесіндегі BRT желісі көшенің өткізу қабілетін төмендеткенін хабарлады. Соның салдарынан көліктердің бір бөлігі әл-Фараби даңғылына ауысып, тиісінше онда кептелістің артуына түріткі болады. Билік Тимирязев көшесіндегі қозғалыс сызбасын өзгерту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.08.2026, 21:55 11136
Алматыда Абай Әлемі ұлықталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған "Алғашқы кітап" атты деректі фильмді тамашалады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі баспасөз қызметінен.
Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға - 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген.
Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің шығармаларын жинақтап, кітап қылып шығаруға әрекет етпеді ме, жалпы, кітапты кім дайындады, қалай баспа бетін көрді, неге Семейде емес, қияндағы Петерборда басылды, неге кітапты шығару ісінде көптеген кедергілер пайда болды, т.т.с.с. сауалдарға жауап іздеген екен.
Премьера соңы Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы ұйымдастырған Абай мұрасын насихаттаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Талғат Күзембаев, Лидия Кәденова, Ерлан Біләл, Дархан Сүлейменов, Асан Мәжит, Динара Кемелхан, Ерден Жақсыбек, "Алашұлы" тобы мен Хор капелласының қатысуымен музыкалық-поэтикалық қойылым болды.
Кеш ары қарай Абай күніне арналған, ұлы ақын-ағартушының әндері шырқалып, сөздері оқылған "Almaty summer fest" фестиваліне жалғасты. Фестивальде Мақпал Жүнісова, Жанар Дұғалова, Асхат Тарғын, Нұрлан Бердібаев, Серік Исахан, Ayarai, Birzhan Demeuuly, Nurtore, Magsoul, "Kesh you", "6ellucci", "IL Canto", т.б. өнер көрсетті.
Мерекелік кеш соңында мыңдаған астам адам ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 14:06 37566
ОСК Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскені анықтау жолдарын түсіндірді
Достарға айту
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
Сервис үш платформада қолжетімді: GOV.KZ, sailau.gov.kz және sailau2026.gov.kz.
Сондай-ақ, өз сайлау учаскеңізді eGov Mobile қосымшасындағы "Танымал қызметтер" бөлімінен табуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 09:45 39816
Comic Con Astana-да әуесқой косплей байқауының жеңімпаздары анықталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы күні өткен әуесқой косплей байқауына 80-нен астам адам қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.
Сахнада 50-ден астам ересек қатысушы мен 30-ға жуық бала фильмдер, сериалдар, аниме және бейнеойын кейіпкерлерінің образдарын ұсынды.
Жеңімпаздарды өткен жылғы әуесқойлар турнирінің жеңімпаздарынан құралған қазылар алқасы анықтады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың дайындығы жоғары болғандықтан, үздіктерді таңдау оңайға соқпаған.
Балалар және ересектер санатында: І орын - 100 мың теңге; ІІ орын - 60 мың теңге; ІІІ орын - 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Ересектер санатында:
ІІІ орын - League of Legends ойынындағы Акали бейнесі;
ІІ орын - Эдвард Қайшықол (Edward Scissorhands) образы;
І орын - тазалық қызметкерлерінің образын сомдаған "Алматинские бабочки" командасы иеленді.
Биыл фестиваль аясында алғаш рет "Бейнеойындар бойынша үздік косплей" арнайы номинациясы тағайындалды. Оның серіктесі - "Болашақ ойындары" (Games of the Future). Ересектер арасында жеңімпаз Baldur’s Gate 3 ойынындағы Астарион образын сомдаған қатысушы атанып, сыйлыққа планшет алды.
Балалар санатында:
ІІІ орын - Хосино Ай;
ІІ орын - Кли;
І орын - "Жұлдыздар соғысы" әлеміндегі Джабба бейнесі жеңіске жетті.
Ал балалар арасындағы үздік ойын косплейі номинациясының жеңімпазы The Legend of Zelda ойынындағы Линк образын ұсынған қатысушы болды.
Әуесқойлар байқауы Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы күніндегі басты оқиғалардың біріне айналды. Фестиваль 9 тамызға дейін жалғасады. Бағдарламада кәсіби косплей байқауы, халықаралық хедлайнерлермен кездесулер және басқа да іс-шаралар жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 18:38 50476
"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
Достарға айту
"Игра престолов" телехикаясындағы Джейме Ланнистер рөлімен танымал актер Николай Костер-Вальдау Comic Con Astana баспасөз мәслихатында Қазақстанға алғашқы сапары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Бұл - менің Қазақстанға, Астанаға алғашқы сапарым. Неткен кеңбайтақ ел! Көріп үлгергенімнің бәрі керемет әсер қалдырды. Соңғы үш жылда жегенімнен де көп ет жедім. Астанадағы моншаға барып, жақсылап буға түстім. Одан кейін бассейнде күшті бір ер адам мені кішкентай баладай ұстап тұрды. Сондай-ақ "Бәйтерек" монументіндегі алақанға қолымды қойдым. Енді осының бәрі менің өңім бе, әлде түсім бе деп ойлап отырмын", - деді Николай Костер-Вальдау.
Актер Қазақстан тұрғындарының ашықтығы мен қонақжайлығын атап өтіп, олар жайлы алған әсерімен де бөлісті.
"Әсерді әрдайым кездескен адамдарың қалыптастырады. Мен өте жақсы, мейірімді адамдарды кездестірдім. Менің мұнда қонақ ретінде осындай тәжірибе жинақтау бақыты бұйырғанын түсінемін", - деді ол.
Актер мамандығына қатысты көзқарасымен де бөлісіп, әрбір жаңа рөлдің өзі үшін жаңа кезең екенін айтып өтті.
"Білесіздер ме, актерлік жұмыстың ең қызықты тұсы - әр жолы жаңа дүниенің пайда болуы шығар. Маған алғаш рет әке рөлін сомдауды ұсынғанда: "Болды, енді маған әке рөлдері беріледі екен", - деп ойладым. Ал енді маған балалар рөлдері берілетінін түсініп отырмын", - деп атап өтті актер.
Есьеріңізге сала кетсек, Астанада Comic Con фестивалі өтуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 14:09 53521
Әлемдік косплей жұлдызы Kamui Қазақстанға алғаш рет келді
Сурет: kamuicosplay.com
Достарға айту
Comic Con Astana елордада өз жұмысын жалғастыра отырып, поп-мәдениет, косплей, кино, аниме және бейнеойын жанкүйерлерінің басын қосуда.
Фестивальдің қазылар алқасының құрамына әлемдік косплей индустриясының көшбасшыларының бірі ретінде танылған Германияның дүниежүзіне әйгілі Kamui Cosplay шығармашылық дуэті енді.
Дуэт мүшелерінің бірі Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты. Оның айтуынша, өзі Өзбекстанда дүниеге келген, ал бес жасында отбасымен бірге Германияға қоныс аударған. Сондықтан да Қазақстанда өзін туған үйіндегідей сезінетінін атап өтті.
Қонақ қазақстандық косплейшілер дайындаған костюмдерді жоғары бағалап, шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Сондай-ақ, фестиваль қатысушылары мен келушілеріне жарқын әсер тілей отырып, Kazakhstan Today агенттігінің оқырмандарына сәлем жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.08.2026, 12:47 54586
Астанада алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі ұшырылды
Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Достарға айту
Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты "Future Games 2026" халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады.
"Бұл - Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы",- деп атап өтті министрліктен.
Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.
Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жеалғаш рет рлері үстімен ұзақтығы 5-30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.
Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.
Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр. Бұл жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық әуе мобильдігін дамыту үшін қажетті құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. eVTOL әуе кемелерін пайдалану, вертипорттардың қызметі және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл жаңа технологияларды Қазақстанның көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдай жасайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.08.2026, 09:16Тоқаев отандастарымызды Абай күнімен құттықтады 10.08.2026, 09:45 6026Қазақстанда шекарадан жүк көліктерін өткізуге қойылатын бақылау күшейтіледі10.08.2026, 10:19 5026Бақыт Есімова Президенті әкімшілігінің бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды10.08.2026, 11:08 4661Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылды10.08.2026, 11:58 3951Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру тәртібі белгіленді
05.08.2026, 19:17 83441ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды04.08.2026, 18:34 73326Wildberries қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін қазақстандық сатушыларға өтемақы төлейді06.08.2026, 15:56 73231Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7310616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 72801Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
24.07.2026, 17:33 105456АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99201Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97771Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 96946Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94801ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

