18.01.2023, 15:14 40916

Медеуде атақты қазақстандық альпинист Анатолий Букреевке ескерткіш орнатылды

Көрнекті қазақстандық альпинист ғаламшардағы 14 сегіз мыңдық таулардың 11-ін және Эверестті төрт рет бағындырды

Алматы. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Медеу шатқалында көрнекті қазақстандық альпинист Анатолий Букреев мүсінінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, мүсінші Нұрлан Далбай, альпинизмнен Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, тәлімгер және Букреевтің досы Ерванд Ильинский, журналист және аты аңызға айналған альпинистің күнделіктеріне негізделген Букреев туралы "Над облаками" кітабының авторы Галина Муленкова және тағы басқалар қатысты, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

Мүсіннің авторы - Нұрлан Далбай. Ол Анатолий Букреевті құзға шығар алдында сәл демалып тұрған кейпінде бейнелеген. Альпинистің қолы мұз шапқышқа тиіп тұр. Мүсін Нұрлан Смағұлов қорының бастамасымен және қолдауымен орнатылды. Бұл Нұрлан Смағұлов Қоры қала тұрғындарына берген үшінші мүсіні. Меценаттың жоспары бойынша, қаламызда көрнекті алматылықтар мүсіндерінің сериясы пайда болуы тиіс", - деп атап өтті ведомствода.


gov.kz

Шәкен Аймановтың алғашқы мүсіні 2019 жылы "Алматы" қонақүйінің жанына орнатылған болатын. Бұл - сол кездегі шығармашылық зиялы қауым жиналып, "Тақиялы періште" киносы түсірілген жер. Герольд Бельгердің екінші мүсіні 2021 жылы ашылды, ол Герольд Карлович соңғы жылдары тұрған үйдің жанында орналасқан. Қола орындық мэтр демалып отыруды ұнататын орындықты алмастырды. Қазіргі уақытта "сүйікті дәрігеріміз" Юрий Померанцевтің мүсіні дайындалуда. Мүсін биыл Ю.М. Лермонтов атындағы театрдың жанына орнатылады.

2023 жылдың 16 қаңтарында Букреев 65 жасқа толар еді. Анатолий Николаевич - биік таудағы альпинист, еңбек сіңірген спорт шебері, "Қар барысы" атағының иегері, сегіз мыңдық планетаның 14 тауының 11-ін және төрт рет Эвересті бағындырған. Оның Эверестке көтерілуінің бірі Балтазар Кормакурдың "Эверест" голливудтық фильмінің негізі болды. Анатолий Букреев - "Ерлігі үшін" орденінің иегері (1989), өз өміріне қауіп төне тұрса да, тауда адамдарды құтқарған альпинистерге берілетін американдық альпинизм клубының ең жоғары наградасы - Дэвид Соулс медалінің иегері (1997), қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін" қазақстандық медалімен марапатталды (1998).

gov.kz
gov.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны