10.08.2022, 16:45 15001

Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022 жылғы білім гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.
 
Министрлік алдағы оқу жылында бакалавриатқа 73 мыңға жуық грант бөлді. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бакалавриатқа 56 мыңнан астам грант бөлінген болатын.
 
Білім гранттарын беру конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Бакалавриат гранттарына өтініш 13-22 шілде аралығында қабылданды.
 
Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалардың грант алу мүмкіндігі жоғары.
 
Сондай-ақ ауыл жастары мен ұлты қазақ басқа елдің азаматтары үшін де квота қарастырылған.
 
ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
 
Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ ресми Telegram-каналында және республикалық БАҚ беттерінде танысуға болады. Грант туралы дайын куәлікті талапкерлер орталықтың сайтынан жүктей алады.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны