01.11.2021, 19:59 42306

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге арналған "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын таныстырды

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасының жалдамалы қызметшілерінің модулі салықтарды есептеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге арналған "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын таныстырды
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАРАША - Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге арналған "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Қосымшаны қолданушы кәсіпкерлер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатылады, өйткені қосымшада кәсіпкер енді қолданбауға құқылы БКМ чектерінің орнына қалыптастырған чектер бойынша айқындалған табыстардың негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есеп жүргізіледі. Бұдан басқа, салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

 
Әзірлеушілердің пікірінше, кәсіпкерлер тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудыратын сервис - чек беру сервисі. 
 

Ол бақылау-кассалық машиналарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді. Қызметті де, қосымшаны да қолдану тегін. Сервис чек жасауға, мысалы, чекті мессенджерлерді (электрондық пошта, WhatsApp) пайдалана отырып, қызметті алушыға жіберуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерге ыңғайлы болу үшін қосымша ЖК-ны тіркеуді растау бойынша, оның алған кірістері бойынша анықтамалар қалыптастырады, салық режимдерін таңдау және ауыстыру сервисі әзірленді".

 
 "E-Salyq Business" мобильді қосымшасының жалдамалы қызметшілерінің модулі салықтарды есептеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
 

Оңайлатылған декларация режимін қолданатын кәсіпкерлерге міндеттемелерді есептеу, декларацияны толтыру процесін оңайлату мүмкіндігі берілген, бұл жалдамалы қызметшілердің модулі. Кәсіпкер, кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де, сондай-ақ кәсіпкер табыс төлейтін жеке тұлғалар үшін де міндеттемелерді есептеу үшін қажетті деректерді (жұмысқа қабылдау күні, жалақы мөлшері, жеңілдіктерге құқығының болуы, қызметкер мәртебесі, АҚС шарты бойынша жеке тұлға) дербес көрсетеді. Осы мәліметтер негізінде қосымша ай сайын төленуге тиісті міндеттемелерді анықтайды және қажет болған жағдайда жеңілдетілген декларацияның тиісті бөлімдерінде толтырады".

 
Ведомство мобильдік қосымшада кәсіпкерлік қызметті жеңілдетілген режимде тоқтату сервисі іске асырылғанын атап өтті.
 
Қазір талқылау барысында, соның ішінде кәсіпкерлермен алынған ұсыныстар мен нақтылаулар бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу бөлігінде пысықтаулар жүргізілуде. Ескертулер мен ұсыныстар бойынша пысықталған "Салық әмияны" модулінде оларды төлеу және берешекті өтеу сервистері тестіленуде. Сондай-ақ, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар туралы деректерді Салық төлеушінің кабинетіне және БСАЖ-ға беру сервистері тестіленеді, бұл мобильдік қосымшаға осындай кәсіпкерлер бойынша ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын немесе "Салық төлеушінің кабинетінде" орналастырылатын хабарламаларды нақты алуға мүмкіндіктер береді.
 
Тестілеу аяқталғаннан кейін мобильді қосымшаның тиісті сервистеріне жаңарту жүргізіледі.
 
Бастапқы кезеңде қосымша патент және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін барлық функционалдарға қолжетімді болады. Басқа режимдерді қолданатын кәсіпкерлер үшін функционал шектеулі көлемде қолжетімді болады. 2022 жылы бірыңғай жер салығын есептеуді ұсыну бойынша функционал пысықталатын болады.
 
Ағымдағы жылы 100 мыңға жуық жеке кәсіпкерлерді қосу көзделіп отыр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны