14.04.2023, 12:22 48481

ҚМГ мұнайшылармен келіссөздер туралы: келіссөз жүргізушілердің талаптары жаңаөзендіктердің құқықтарына қайшы келеді

ҚМГ мұнайшылармен келіссөздер туралы: келіссөз жүргізушілердің талаптары жаңаөзендіктердің құқықтарына қайшы келеді
Сурет: kmg.kz
ҚМГ өкілдері БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің барлығын осыған дейінгі жалақысы мен әлеуметтік пакетін сақтай отырып, конкурс нәтижесінде жеңімпаз болған компанияға жұмысқа орналастыруға дайын екендігін растады

Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "БерАли Маңғыстау" компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен келіссөздер барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Компанияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл 11 сәуірден бастап Астанада арнайы комиссия жұмысын бастады, оның құрамына Энергетика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өкілдері, сондай-ақ 10 адамнан құралған БерӘлі компаниясының белсенді тобы кірді.

Бүгінге дейін жұмыс комиссиясы 3 отырыс өткізді.

БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің басты талабы - "Өзенмұнайгаз" АҚ штатына жұмысқа орналасу. Бастамашыл топқа бұл шарттың мүмкін еместігі айтылды. Ұйымға жұмысқа кезекте 9 мың адам тұрғаны атап өтілді. Олар қабылданған алгоритмдерге сәйкес бастапқыда коммуналды компанияларда жұмыс істейді, әрі қарай бос жұмыс орны пайда болғанда кезек бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ-қа жұмысқа тұрады. Келіссөз жүргізушілердің бұл талабы қала тұрғындарының мүдделері мен құқықтарына қайшы келеді", - деді ҚМГ.


Сатып алу қызметін ұзақ мерзімге белгілеу мәселесі бойынша ҚМГ өкілдері "3+2" схемасы бойынша келісімшарт жасасуға дайын екенін білдірді. Ол бойынша келісімшарттар қосымша 2 жылға ұзарту құқығымен 3 жылға жасалатын болады.

Жекелеген мәселелер бойынша БерӘлінің бұрынғы қызметкерлерінің талаптары өзгерді.

Атап айтқанда, жерасты жөндеу жұмыстарының қосымша көлемін "Бұрғылау" және "МұнайФилдСервис" жеке компанияларына беріп, БерӘлінің бұрынғы қызметкерлерін осы компанияларға жұмысқа орналастыру мүмкіндігі айтылды. Алайда, алдын ала келіссөздерден кейін аталған компаниялардың басшылығы өз бригадаларының толық жүктелмеуіне байланысты мұндай қызмет түрін көрсетуге қызығушылығы жоқтығын мәлімдеді", - деп нақтылады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.


Еңбекті қорғау және ұйымдастыру жағдайлары, бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасын (БТБА) қолдану және тендер рәсімдеріне қатысты мәселелер бойынша тәуелсіз комиссия құруды мемлекеттік орган өкілдері қарастыруға және комиссияның күн тәртібі мен құрамын мүдделі органдармен келіскеннен кейін жауабын беруге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, ҚМГ өкілдері БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің барлығын осыған дейінгі жалақысы мен әлеуметтік пакетін сақтай отырып, конкурс нәтижесінде жеңімпаз болған компанияға жұмысқа орналастыруға дайын екендігін растады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мәселелерді талқылау жалғасып жатыр және тараптар қолданыстағы заңнамаға сай келісімге қол жеткізуге мүдделі", - деп қосты ҚМГ.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны