31.01.2008, 16:18 6685

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресетін қоғамдық кеңес құрды

"Нұр Отан" партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресетін қоғамдық кеңес құрды

Астана. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресетін қоғамдық кеңес құрды. Бұл туралы бүгін брифингте "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Сергей Громов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдарының белсенділігін арттырмақшымыз. Біз құрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін қоғамдық кеңестер осы құрылымдардың сүйенер орталығы болмақ", - деді С. Громов.

Оның айтуынша, кеңес құрамына қоғамдық бірлестіктердің, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Сонымен бірге, бұл жұмысқа "парламент және мәслихат депутаттарын, "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауларын белсенді араластыру көзделіп отыр.

"Қоғамдық кеңесте алынған мәліметтер құқық қорғау органдарына жөнелтіліп отырады. Аса маңызды мәселелер ел президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясына табыс етіледі", - деп түсіндірді партия жетекшісінің орынбасары.

Сонымен қатар, С. Громовтың айтуынша, партия жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдарды жариялаған бұқаралық ақпарат құралдарына арналған бәйгенің бастамашысы болғысы келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны