09.04.2018, 20:30 4314

ОҚО әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Икімшілігініӊ келісімімен және Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ өкімімен облыс әкімініӊ орынбасары болып Ербол Қуанышұлы Тасжүреков тағайындалды

Шымкент. 9 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Икімшілігініӊ келісімімен және Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ өкімімен облыс әкімініӊ орынбасары болып Ербол Қуанышұлы Тасжүреков тағайындалды. Бүгін өӊір басшысы жаӊа облыс әкімініӊ орынбасарын әкім аппаратына таныстырды.

"Облыс әкімініӊ орынбасары Бауыржан Салдарұлы Жамалов басқа жұмысқа ауысуына байланысты, бүгін облыс әкімініӊ орынбасары лауазымына Ербол Қуанышұлы Тасжүреков тағайындалып отыр. Ал, Бауыржан Салдарұлы өзіне жүктелген салаға жетекшілік ету барысында бірқатар жақсы бастамалар, оӊ өзгерістер енгізді, олар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Өз атымнан және әріптестерімніӊ атынан алғыс білдіремін. Енді Ербол Қуанышұлы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып, өзініӊ біліктілігі мен іскерлігін дәлелдеп өӊір экономикасыныӊ дамуына үлесін қосады деп сенім білдіремін",-деді Ж.Түймебаев.

Ербол Қуанышұлы 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, заӊгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетініӊ, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Казақ-Түрік университетініӊ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ түлегі болып табылады. Сонымен қатар, "Болашақ" халықаралық бағдарламасыныӊ стипендиаты, Франция Республикасыныӊ Ұлттық әкімшіліктендіру мектебін бітірген.

Е.Тасжүреков 1998-2001 жылдары "Қазнұр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ менеджері ретінде еӊбек жолын бастап, кейін "Седанко-Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорыныӊ орынбасары, "Профиль-Lux" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ директоры болып еӊбек еткен.

2007-2013 жылдары Астана қаласыныӊ №2 Алматы аудандық сотыныӊ маманы, Астана қалалық сотыныӊ бас маманы, Астана қаласы сотыныӊ кеӊсе меӊгерушісі лауазымдарында болған.

2013-2016 жылдары ҚР Өӊірлік дамыту министрлігі Кәсіпкерлік саясатын дамыту департаменті басқармасыныӊ басшысы, Өӊірлерді мониторингілеу және бағалау департаменті басқармасыныӊ басшысы, Ұлттық экономика министрлігініӊ Өӊіраралық ынтымақтастық, талдау және өӊірлерді бағалау департаменті директорыныӊ орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдыӊ қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасыныӊ орынбасары лауазымында еӊбек етіп келген.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны