12.05.2011, 12:05 2931

ОҚО қырым қанды безгегіне шалдыққан адам көз жұмды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Қазақстан Денсаулық министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы сырқаттың қырым қанды безгегінен қайтыс болу жағдайын тіркеді".

Астана. 112 - мамыр. Kazakhstan Today - ОҚО қырым қанды безгегіне шалдыққан адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Қазақстан Денсаулық министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы сырқаттың қырым қанды безгегінен қайтыс болу жағдайын тіркеді".

"8 мамырда дер кезінде ауруханаға жатқызылып, кешенді емдеудің жүргізілгендігіне қарамастан, сырқатты құтқарып қалу мүмкін болмады",- деп атап көрсетілген денсаулық сақтау министрлігінің таратқан хабарламасында. Мекеменің мәліметтеріне сәйкес, ер адамды малды қырқу кезінде кене шағып алған. Сырқатпен байланыста болған барлық адам медициналық бақылауға алынған.

Облыста жылдың басынан бері қауіпті дерттің жайылуының алдын алуға қатысты ауқымды іс-шаралар жүргізілуде, деп сендіреді эпидемиологтар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны