08.05.2018, 21:17 3614

Оӊтүстік Қазақстан облысында 870 мыӊнан астам адам зейнетақы және әлеуметтік төлем алады

Бүгінгі таӊда, Оӊтүстік Қазақстан облысында 870 374 азамат жалпы зейнетақы мен арнайы әлеуметтік төлем алады. Олардыӊ қаржы қажеттілігіне ай сайын 24,1 млрд теӊге жұмсалады.

Шымкент. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда, Оӊтүстік Қазақстан облысында 870 374 азамат жалпы зейнетақы мен арнайы әлеуметтік төлем алады. Олардыӊ қаржы қажеттілігіне ай сайын 24,1 млрд теӊге жұмсалады. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетініӊ Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментініӊ басшысы И.Темірбаева мәлімдеді.

Жиын барсында департамент басшысы 2018 жылдан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін жеткізді.

"2018 жылдыӊ 1 қаӊтарына облыс көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардыӊ саны 298 353-ті құрап, оған 2,3 млрд. теӊге көлемінде төлем жүргізілген. Биылдан бастап мұндай жәрдемақыныӊ құрамынан "Алтын Алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даӊқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы санаты бөлініп, жеке мемлекеттік қызмет түрі болып қосылды. Осы аталған жәрдемақы бойынша 2018 жылдыӊ бірінші тоқсанында 70 147 мемлекеттік қызмет көрсетілді", - деді Исия Құралқызы.

Сондай-ақ, департамент басшысы 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап кезеӊ-кезеӊімен әйелдердіӊ зейнетке шығу жасы ұлғаятынын айтты. 1960 жылдыӊ 1 қаӊтарында туылған әйел зейнетке 2018 жылдыӊ 1 шілдесінде, яғни, 58,6 жасында шығады. Егер әйел 1960 жылдыӊ 1 шілдесінде туылған болса, оныӊ зейнеткерлік жасы 59 келеді. Себебі, 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарына оныӊ жасы 58,6 толғанымен, 2019 жылы жалпы белгіленген зейнеткерлік жас 59-ды құрайды.

Айта кетейік, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша облыста жалпы 234 924 зейнеткер бар. Оларға 10,0 млрд теӊге көлемінде зейнетақы төлемі жүргізілген.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны