19.09.2016, 09:39 3948

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Бұл - біздіӊ таулар" фестивалі өтті

Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді.

Шымкент. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай "Бұл - біздіӊ таулар" фестивалі өтті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Дәстүрге айналған шара биыл Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді. Фестивальға ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасыныӊ басшысы М.Қарабаев және облыс тұрғындары мен қонақтары, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасыныӊ шығысы жағында орналасқан "Тәуелсіздік" шыӊын бағындырумен қатар, суретшілердіӊ сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаӊартты.

Бұдан бөлек, "Bal Tekstil" кілем тоқыма фабрикасыныӊ демеушілігімен "Біз туризм және экологиямен біргеміз" қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе - ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қорытындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеӊімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыстық мәслихатыныӊ кезектен сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердіӊ орындалуы бойынша сөз сөйледі.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тапсырмаларына сәйкес, облысымызда мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Өӊіріміздіӊ алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді",- деді облыс әкімі.

"Атқарылған жұмыстардыӊ барлығы халықтыӊ тұрмыс деӊгейін арттыру үшін жасалып отыр.Құрметті депутаттар! Өздеріӊізге белгілі, жақында Үкіметтіӊ кеӊейтілген мәжілісі өткізіліп, Елбасымыз өӊірлерді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аталған тапсырмаларда Біздіӊ негізгі стратегиялық бағыттарымыз айқындалған. Осыған орай, оны іске асыруды Сіздердіӊ қолдау көрсетулеріӊізбен бірлесе қол жеткізетін боламыз,- деді Б.Атамқұлов.

"Бұдан бөлек, жыл соӊына дейін облысымызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай бірқатар маӊызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Бұл мерейтойды жалпыұлттық сипатта өткізіп, елімізде Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға баршамыз атсалысамыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта да сіздер мен біздер бірлесе отырып, Елбасы белгілеп берген "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және "Мәӊгілік ел" Ұлттық идеясын толық жүзеге асыратынымызға сенімдімін",- деп қорытты сөзін облыс басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны