23.03.2021, 17:38 8018

Қорғаныс министрі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кезекшілігін кенеттен тексерді

Аталған тексеріс жеке құрамның жоғары қырағылық деңгейін, кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті.
НҰР-СҰЛТАН. 23 НАУРЫЗ - Генарал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің командалық пункті мен қолбасшылық басқармасын жоспардан тыс тексерді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылуын қарады. Қорғаныс министрінің нұсқауымен жауынгерлік есептоп құрамының кезекші күштері жауынгерлік даярлыққа келтірілді. Әскердегі жағдайға жауаптылар белгіленген мерзімде елдің әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтын жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың әзір екенін баяндады. Бұдан өзге, кезекші күштердің өртке қарсы қауіпсіздік, өртті шартты түрде анықтау мен оқшаулау іс-қимылын ұйымдастыру барысын тексерді", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Аталған тексеріс жеке құрамның жоғары қырағылық деңгейін, кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны