01.10.2008, 14:29 1530

Өскеменде жылыту маусымы бұрынғыдан ертерек басталды

Өскеменде жылыту маусымы бұрынғыдан ертерек басталды

Өскемен. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде жылыту маусымы бұрынғыдан ертерек басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Өскемен жылу желілері" АҚ мәліметіне сәйкес, 30 қыркүйекте облыс орталығында 16 балабақша жылуға қосылды, ал 1 қазаннан бастап басқа да білім беру мекемелеріне жылу беріле бастайды", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Дайындық актісі бар үйлерге де жылу беріле бастамақ. Өскеменде шамамен 1600 тұрғын үй бар, олардың басым бөлігі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны