01.07.2021, 20:53 19535

Қосшы кентін Қазақстандағы алғашқы қалдықсыз қалаға айналдырғысы келеді

Бұл туралы "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Еуразиялық бизнес-форумда айтты.
КӨКШЕТАУ. 1 ШІЛДЕ - Ақмола облысындағы Қосшы кенті Қазақстандағы қалдықтарсыз алғашқы қала болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ӨКМ Операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Еуразиялық бизнес-форумда айтты.
 

Қазақстанда алғаш рет "Zero Waste City" қағидатын енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз Экология министрлігінің вице-министрі Ахметжан Пірімқұловпен бірге Ақмола облысының әкімдігіне бардық. Облыс әкімінің кездесуінде болдық. Қосшы кентін қалдықсыз қалаға айналдырғымыз келеді", - деді Құмарғалиев.

 
Ол елді мекенге осы мәртебе беру үшін өңір әкімдігіне Целиноград ауданы аумағындағы барлық рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою қажет екенін атап өтті.
 

"ӨКМ Операторы" материалдық және техникалық жабдықтау бойынша жауап береді", - деді ол.

 
Қосшы кенті Нұр-Сұлтаннан 20 шақырым жерде орналасқан. Қосшыда 60 мыңға жуық адам тұрады. Қазіргі уақытта ауылға облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы мәселе қарастырылуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны