15.07.2015, 16:38 3525

Павлодар облысында жүк пойызы вагондарыныӊ жолдан шығып кетуініӊ себебі анықталды

Алдын ала тексеру мәліметтері бойынша Павлодар жол бөлімшесініӊ Екібастұз-Ерейментау теліміндегі Шідерті стансасында №2113 жүк пойызы вагондарыныӊ жолдан шығып кетуіне вагон қорабыныӊ ақауы себеп болған

Павлодар. 15 Шілде. Kazakhstan Today - Алдын ала тексеру мәліметтері бойынша Павлодар жол бөлімшесініӊ Екібастұз-Ерейментау теліміндегі Шідерті стансасында №2113 жүк пойызы вагондарыныӊ жолдан шығып кетуіне вагон қорабыныӊ ақауы себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған жылжымалы құрам 2014 жылы 9 қаӊтарда деполық жөндеуден өткізілген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Вагондарды жөндеуден өткізген жеке вагон депосыныӊ технологиялық үдерістерді сақтауы жөніндегі сапалық дәрежесін арнайы құрылатын комиссия тексереді. Оқыс оқиғаныӊ орын алуына себеп болған жай толығымен дәйектелген жағдайда жекеменшік вагон иесі мен жеке иеліктегі вагон жөндеу кәсіпорнына өтемақы төлеу міндеттеледі", - деп нақтылады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметініӊ мамандары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны