14.08.2008, 19:20 2927

Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады

Павлодар облысының қалаларын қоршай тамақ өнімдерін делдалсыз сату бойынша азық-түлік белдеулері құрылады

Павлодар. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының басшылығы мынадай шешім қабылдады: халықты арзан өнімдермен қамтамасыз ету үшін қалалардың маңайында азық-түлік белдеулерін құру қажет. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында облыс басшысы Қайрат Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысының Астананы айнала азық-түлік белдеуін құру қажет деген тапсырмасы бар. Бұл да Алматының маңайы секілді жақсы сүйеніш. Сондықтан біз де осы идеяны енгізуді жөн деп таптық", - деп атап көрсетті Павлодар облысының әкімі. Оның айтуынша, қазір осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Икімдіктің алдағы отырысында біз осы азық-түлік белдеулерін құру бағдарламасын қарастырып көреміз. Олар үш жерде басты өнеркәсіп орталықтары - Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының маңында орналасады", - деді Қ. Нұрпейісов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны