12.04.2021, 22:01 9786

Прокуратура қызметкерлердің шағымынан кейін Алматы қаласының жедел жәрдемін тексеруді бастады

АЛМАТЫ. 12 СӘУІР - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында прокуратураның қаладағы жедел жәрдем қызметін тексеріп жатқанын айтты.
 
Бұған дейін, жедел жәрдем қызметкерлері жалақылары уақтылы берілмейтініне және басшылары жеке қорғаныс құралдарын "қара базарда" сататынына шағымданған болатын.
 
Брифинг барысында БАҚ өкілдері Светлана Сұлтанғазиевадан осы мәселеге байланысты сұрақ қойды.
 
Өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының өкілі істің құқық қорғау органдарына тапсырылғанын айтты.
 

Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметін арнайы комиссия тексерді. Барлық істер қосымша тергеу үшін прокуратураға тапсырылды. Жедел жәрдем қызметкерлерінің шағымына келетін болсақ, арыз түскені рас, бірақ олар құқық қорғау органдарына берілді. Тергеу басталды, сондықтан мен қазір ол жайында айта алмаймын", - деп жауап берді Сұлтанғазиева. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны