08.10.2021, 20:24 202674

ҚР-да автокөлік тасымалдарында электрондық жеке куәлікті пайдалану заңдастырылды

Автовокзалдарда, автостанцияларда, жолаушыларға қызмет көрсету тіректерінде цифрлық жеке куәлікпен билеттер сатып алу, халықаралық, қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) бағыттарда жол жүру кезінде жүк алу мүмкіндігі көзделген.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік тасымалдарында электрондық жеке куәлікті пайдалануды заңдастырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандықтарға цифрлық жеке куәлікті қағаз түріндегі жеке куәлікпен тең пайдалануға мүмкіндік беретін жолаушылар мен жүк автокөлігімен тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, ауданаралық (қалааралық, облысішілік) бағыттарда автобустарға отырғызу кезінде жолаушылар жеке куәлігін өз қалауы бойынша - түпнұсқада немесе электрондық құжат түрінде (ұялы телефон арқылы) ұсына алады", - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, автовокзалдарда, автостанцияларда, жолаушыларға қызмет көрсету тіректерінде цифрлық жеке куәлікпен билеттер сатып алу, халықаралық, қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) бағыттарда жол жүру кезінде жүк алу мүмкіндігі көзделген. 
 
Бұдан басқа, такси жүргізушілері рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өту кезінде жеке куәлікті қағаз тасығышта да, электрондық нысанда да пайдалана алады.
 

Жоғарыда аталған нормалар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен (2021 жылғы 4 қазандағы№ 524) ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша цифрлық технологияларды дамыту және азаматтардың жеке куәліктерінің түпнұсқаларын өзімен бірге алып жүру қажеттілігінсіз өз құқықтарын іске асыру мүмкіндігін кеңейту үшін қабылданды", - деп нақтылады министрліктің баспасөз қызметінен.

 
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуерейстерде цифрлық құжаттарды пайдалануға болады. Сондай-ақ, қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге техпаспорт пен жүргізуші куәлігін алып жүрудің қажеті жоқ екендігі хабарланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны