24.03.2022, 19:50 20761

ҚР-да үй-жайларда міндетті түрде бетперде тағу тоқтатылды

ҚР-да үй-жайларда міндетті түрде бетперде тағу тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. 24 НАУРЫЗ - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Премьер Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдерді қабылдады: 

  • үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау; 
  • медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру; 
  • адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру; 
  • білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру. 

Сондай-ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын адамдар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады: 

  • бастапқы вакциналаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар; 
  • түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар; 
  • шетелде алған вакциналау курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар; 
  • COVID-19 вирусына қарсы ревакцина алушы барлық топтағы адамдар.

Отырыс соңында Е. Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақытылы иммундау және ревакциналау екенін атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 12 жаңа жағдайы анықталды, пандемия басталғаннан бері елде 1 304 961 жағдай расталды.






 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны