28.09.2022, 18:38 18701
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациялау фактісі бойынша тергеу жүргізуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар Комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуде.
Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №74 жалпы білім беретін орта мектебінде туберкулиндік диагностикаға жататын бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасын жүргізбей БЦЖ вакцинасымен қайта вакцинациялау фактісі орын алды.
Мектеп бойынша профилактикалық екпелерді жүргізу үшін жауапты орындаушылар ретінде Ақтөбе қаласындағы жеке клиниканың ("Медикус орталығы" ЖШС ) дәрігері мен мейіргері тағайындалды. Аталған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілді. Балалардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, барлығы педиатрлардың бақылауымен сабақтарын жалғастыруда", - деп хабарлады ведомствода.
КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбе мектептерінің бірінде Манту сынамасының орнына балаларға БЦЖ вакцинасы салынды. Ата-аналар инъекция орнында біртүрлі өзгерістерді байқады және балаларының денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, инъекция орны ісіп, іріңдеген. Кейбір балалардың қызуы көтерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.11.2025, 11:32 40461
Маңғыстауда итбалықтардың өлексесінің саны жүзден асты
Достарға айту
Аймақта итбалықтардың жаппай қырылуы қайта басталды. Кеше 3 қарашада Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы жағалаудан 112 Каспий итбалығынның өлексесін тапты.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары ағымдағы жылдың 3 қараша күні Түпқараған ауданы Баутино теңіз жағалауында итбалық өлекселерінің табылуына байланысты тұрғындар тарапынан келіп түскен хабарлама негізінде Түпқараған ауданы Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерінің теңіз жағалауынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, МО балық шаруашылығы басқармасының "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызмет" КММ және МО бойынша балық инспекциясы басқармасымен бірлесіп, Асан елді мекенінен Баутино мүйісіне дейінгі Түпқараған ауданының жағалау сызығын мониторингтеу барысында 112 бас Каспий итбалығының өлекселері анықталды.
Оның ішінде:
- Асан елді мекенінен Форт-Шевченко қаласының жағажайына дейін - 39 бас,
- Форт-Шевченко қаласының жағажайынан Баутино мүйісіне дейін - 73 бас.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.11.2025, 09:02 41346
Қар, көктайғақ, қатты жел: ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алдағы күндері ел аумағында ауа райының нашарлауы күтіледі: қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырады: доңғалақтардың, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер.
Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар.
Өз өмірлеріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.11.2025, 10:31 47676
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербия астаналары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов, Сербия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Владимир Йовчич және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тікелей қатынасты іске қосу туралы келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды.
Белградқа келгеннен кейін қазақстандық делегацияны Сербия Президенті Александр Вучичтің тапсырмасымен Сербия Ұлттық жиналысының спикері Ана Брнабич және Көлік министрінің орынбасары Верика Ечменица қарсы алды.
Астана мен Белград арасындағы тікелей рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастық үшін жаңа жол ашады", - деп атап өтті Талғат Ластаев.
Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут. Бұл бағыт бойынша жолаушылар тарапынан жоғары сұраныс күтілуде - алғашқы рейсте 92 жолаушы болды.
Астана-Белград-Астана рейстері аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) заманауи Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.
SCAT Airlines қазіргі уақытта еуропалық қалаларға да рейстер орындайды:
Астана - Прага - аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі);
Шымкент - Будапешт - аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі);
Шымкент - Мюнхен - аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.10.2025, 17:21 117826
Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласына арналған жаңа зауыт ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін, 24 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Республика күні қарсаңында Жаңаөзен қаласында "Каскор-Машзавод" ЖШС-нің жаңа зауытының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шараға мұнай-газ саласының ардагерлері, ұлттық компаниялар мен кәсіпорын басшылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптік негізді нығайту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, өңдеу саласын дамыту - өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті.
Бұл зауыттың іске қосылуы - Жаңаөзен қаласының экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыт еліміздің мұнай-газ саласы үшін маңызды өнім өндіретін отандық кәсіпорынға айналатынына сенеміз", - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Жаңа кәсіпорын жылына 540 мың дана сорғы штангасын, 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырларды және футеровкалы сорғы-компрессорлық құбырларды өндіруге қауқарлы. Өндіріс іске қосылған соң 250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Салтанатты іс-шарада сала ардагерлері мен өндіріс қызметкерлеріне облыс әкімінің және кәсіпорынның алғыс хаттары мен мерейтойлық медальдар табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.10.2025, 12:18 117981
"Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз" - алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады. Олар "Сіз салық декларациясын уақытында тапсырмағансыз" деп сендіреді. Осылайша, банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде "шешу қажет" деген сылтаумен қысым көрсетеді.
Жеке басыңызды растау керек" деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң, алаяқтар банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.
Полиция ескертеді:
- Мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды және ешқашан SMS-кодтар мен растау деректерін сұрамайды;
- Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының нөмірі мен паролін, жеке мәліметтерді бермеңіз;
- Егер күдік тудыратын қоңырау алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.10.2025, 15:11 194321
Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды
Достарға айту
Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандтқа тікелей екі жаңа халықаралық бағыт ашуда. Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді, деп хабарлайды aaq.kz.
2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана - Самарқанд - Астана бағыты бойынша(аптасына 2 рет - жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана - Бішкек - Астана (аптасына 2 рет - дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстерді орындалады.
Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады.
Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.10.2025, 14:08 194531
Алматыда Nomad Bazaar-дың ашылуы: "Бір ауыл - бір өнім " жобасының өңірді дамыту жолындағы жаңа қадамы
Достарға айту
Алматыда NOMAD Bazaar атты "Бір ауыл - бір өнім" (БАБӨ) жобасының Орталық Азиядағы алғашқы тұрақты сауда алаңы ашылды. Жаңа дүкен Көк базардың орталық павильонында орналасқан, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Nomad Bazaar жай ғана дүкен емес, ол ауылдағы өндірушіні мегаполис тұтынушысымен байланыстыратын платформа. Мұнда БАБӨ жобасына қатысатын қазақстандық қолөнер және гастрономиялық брендтер жергілікті бастамаларды тұрақты бизнеске айналдыра отырып, өнім ұсына алады. 50 м2 сауда нүктесі "барлығы бір шатыр астында" ұстанымымен орналасқан: логистика, орау, сату және бухгалтерлік есеп орталықтандырылған. Бұл кәсіпкерлердің өнім сапасына мұқият болуына мүмкіндік бермек. Жаңа алаңның артықшылығы көп. Алматы тұрғындары мен туристердің кең аудиториясы оған қол жеткізе алады, кәсіби маркетингпен сүйемелденеді. Тұтынушылық сұранысты талдап, өнімді өткізу ауқымын арттыратын онлайн - сатылым бар.
Бір ауыл - бір өнім" жобасы Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен, Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен, "Атамекен" палатасымен бірлесіп іске асырылуда. Оның мақсаты - ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, Қазақстан өңірлерінің мәдени ерекшелігін көрсететін бірегей өнімдерді ілгерілету. 2025 жылы жобаның бренд-комитеттері 60 жеңімпазды таңдап алған болатын. Енді олардың өнімі аймақтың ерекше өнімі ретінде озық кәсіпкерлік символына айналып отыр. Nomad Bazaar-дің ашылуы осы брендтердің орнықты маркетингі мен сату жүйесін қалыптастырудағы қисынды қадам болды.
Жоба қазірдің өзінде халықаралық деңгейде танылып отыр. FOODEX Japan көрмесінде қазақстандық өндірушілердің өнімі жоғары бағаланған. Ал "Жантақ" балы Honey of the Year байқауында үздік үштікке енді. Қазақстандық ірімшік жасаушылар - өткен жылдардағы жеңімпаз. Франциядағы беделді Mondial du Fromage 2025 байқауында алты медаль жеңіп алған.
Алдағы айларда БАБӨ қатысушылары үшін экспорттық қуатты арттыруға арналған тамақ өнеркәсібі, стандарттау, буып-түю және маркетингтік оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
Алматыда Nomad Bazaar-дың ашылуы "Бір ауыл - бір өнім" жобасының жергілікті бастамадан өңірлердің тұрақты дамуына алып келген Made in Kazakhstan мықты брендін қалыптастырудағы жаңа деңгейге өтуді білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.10.2025, 11:15 194981
Ақмола облысынан табылған мамонт сүйегі Ұлттық музейге жеткізілді
Сурет: nmrk.kz
Достарға айту
Жуырда Ақмола облысы Бұланды ауданы Новобратское ауылы маңындағы Қоңыр өзенінің жағасынан шамамен 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген түкті мамонттың төменгі жақ сүйегі мен жілік сүйектері табылды. Алғашқы сараптамалық мәліметтерге сүйенсек, бұл жасы 40-50 шамасындағы ересек мамонтқа тиесілі сүйектер. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл құнды олжаны "СПХ Новобратское" агрохолдингінің қызметкерлері Әділет Омаров пен Әлжан Ракишев тауып, табылған сәтте-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің мамандарына хабарлаған. Қазір жәдігер Ұлттық музейдің ғылыми зертханасында арнайы температура мен ылғалдылық режимінде сақтаулы тұр.
Мамандардың айтуынша, төменгі жақ сүйегі мен жіліктің бүтін күйінде қатар табылуы осы маңайда мамонттың толық қаңқасы сақталуы әбден мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан Ұлттық музей ғалымдарынан құралған зерттеу тобы алдағы маусымда бұл аймақта жүйелі ғылыми-қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Егер болжам расталса, бұл табылым Қазақстан аумағындағы мұз дәуірі жануарларын зерттеу саласында маңызды жаңалыққа айналмақ.
Түкті мамонттар шамамен 700 мың жыл бұрын пайда болып, соңғы өкілдері 10 мың жыл бұрын жойылып кеткен. Кейбір шағын популяциялар тіпті б.з.д. 2000 жылдарға дейін Сібірдің солтүстік аралдарында өмір сүрген.
Мамонттардың бойы 3-4 метрге, салмағы 5-6 тоннаға дейін, кейбір жағдайларда 8 тоннаға дейін жеткен. Олардың тығыз жүні мен май қабаты суық климатқа бейімделуге мүмкіндік берген.
Мамонттың тістері ерекше ірі және көп қатпарлы болған - оларды қатты шөп пен бұталарды шайнауға бейімдеген. Бір ересек мамонттың өмір бойында алты рет жаңа азу тістері өскен.
Қазақстан аумағында мамонт қалдықтары бұған дейін де табылған: Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше үлгі белгілі. Бұл табылымдар еліміздің мұз дәуірі фаунасының байлығын көрсетеді.
Құрметті әріптестер, осы бір ерекше тарихи-ғылыми жаңалықты кеңінен жария етіп, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз. Қажет болған жағдайда, музей қызметкерлері тарапынан сұхбаттар мен қосымша материалдар ұсынуға дайынбыз. Керек болса, Қоңыр өзенінің жағасынан түсірілген видео мен сұхбат қосымша беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
07.11.2025, 11:04Мемлекет басшысы "Орталық Азия - АҚШ" саммитіне қатысты 07.11.2025, 10:07 711Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
03.11.2025, 13:05 129661Қызылорда облысына су жеткізуді жақсарту мақсатында Көксарай су реттегішінен 60 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды03.11.2025, 12:09 129216Қазақстанда жыл басынан бері 26 мыңнан астам веб-сайт бұғатталды03.11.2025, 17:16 128781Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі03.11.2025, 11:38 128526Еліміз бойынша 232 жаңа мектеп салынуда03.11.2025, 18:55 123721Алматы қаласында 4,3 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген
09.10.2025, 19:39 226936"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында баспана сатып алуға арналған лимиттер ұлғайтылды15.10.2025, 11:15 194566Ақмола облысынан табылған мамонт сүйегі Ұлттық музейге жеткізілді15.10.2025, 14:08 194116Алматыда Nomad Bazaar-дың ашылуы: "Бір ауыл - бір өнім " жобасының өңірді дамыту жолындағы жаңа қадамы15.10.2025, 15:11 193906Qazaq Air Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұша бастайды16.10.2025, 19:06 187646Бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғаяды

