13.07.2018, 18:13 4856

Республикалық "Ұлы дала рухы" фестивалі Түркістан облысынан басталды

Бұдан өзге, аударыспақ, жамбы ату, теӊге ілуден жарыстар Астана қаласындағы "Қазанат" атшабарында өтеді. Бұл дүбірлі додада 5 салмақ бойынша 20 балуан арасында аударыспақ алыптары, құралайды көзге атқан 12 жамбышылар мергендері және желден жүйрік 12 теӊге ілушілер арасында мықтылар анықталады.

Түркістан. 13 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 4 шілде күні Астана қаласында шымылдығы түрілген "Ұлы дала рухы" фестивалініӊ негізгі мақсаты - жастар арасында ұлттық спорт түрлерініӊ дамуына тыӊ серпін беру. Төрт аймақты қамтитын жобаға еліміздіӊ барлық өӊірлерінен спортшылар қатысады. Сайыпқырандар көкпар, бәйге, аударыспақ, теӊге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан сынға түсетін болады. Аталған жобаныӊ идея авторы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық Ұлттық және ат спорты түрлері орталығыныӊ директоры Нұрсұлтан Ибрагимов мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, 2018 жылдыӊ 13-15 шілде аралығында республикалық "Ұлы дала рухы" фестивалініӊ алғашқы жарыстары оӊтүстік аймағында өтеді.

"Айтулы шараныӊ ашылу салтанаты кезінде оӊтүстік аймақтыӊ жеребесі тайқазан ішіне салынған теӊге орамалдар арқылы анықталды. Оӊтүстік аймағына Қызылорда облысы, Жамбыл мен Түркістан облысы және Алматы қаласыныӊ командалары іріктелді. Осы төрт өӊірдіӊ спортшылары Шымкент қаласында көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан жарысқа қатысады. Иуелі "Құлагер" атшабарында 48 спортшы қатысып, көкпардан жеӊімпаз команда анықталады. Ал И.Юсупова атындағы көркем гимнастика залында қазақ күресінен 8 салмақ бойынша 32 балуан бақ сынаса, асық атудан 12 мерген өзара жүйрікті анықтайды. Сондай-ақ, Шымкент қонақ үйінде тоғызқұмалақшылар арасында жарыс өтеді. Жалпы оӊтүстік аймақтағы іріктеу жарысына 160 спортшы қатысады деп күтілуде", - деді Нұрсұлтан Ибрагимов.

Бұдан өзге, аударыспақ, жамбы ату, теӊге ілуден жарыстар Астана қаласындағы "Қазанат" атшабарында өтеді. Бұл дүбірлі додада 5 салмақ бойынша 20 балуан арасында аударыспақ алыптары, құралайды көзге атқан 12 жамбышылар мергендері және желден жүйрік 12 теӊге ілушілер арасында мықтылар анықталады.

Жарыстыӊ жеӊімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігініӊ кубок, медальдарымен марапатталады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны