29.07.2021, 19:33 11964

Сағынтаев Алматы тауларындағы моренді көлдердің жағдайын тексерді

Моренді көлдер мен таулы өзендердегі жағдай тұрақты.
АЛМАТЫ. 29 ШІЛДЕ - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында моренді көлдердің жағдайына аэровизуалды зерттеу жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, моренді көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінің жағдайына баға берілді. Жалпы, Алматы маңында 45 мұзды көл бар, оның жетеуінде биыл превентивті жұмыстар жүруде.
 

Температуралық режимнің көтерілуіне байланысты мұздықтар еруде. Қауіпті жеті көлдегі судың жалпы көлемі 1 миллион текше метрді құрайды, яғни қауіпсіз деңгейге сәйкес. Сел қауіпі кезеңі басталы маусымнан бері 1,6 млн текше метр ағызылды", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Моренді көлдердің жағдайы 9 тұрақты және 10 маусымдық гидробекеттерде бақыланады. Алматы әкімдігінің қолдауымен олар тұрғын модулдермен, тіршілікке қажет жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. 
 
Тікұшақпен тексеру нәтижесінде көлдердегі судың сын деңгейіне жетпейтіні анықталды. Моренді көлдер мен таулы өзендердегі жағдай тұрақты.
 
Ведомствода мегаполис әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жүйелі түрде шешілетінін еске салды. Мәселен, Ақсай мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде екі сел бөгетінің құрылысы басталды. Бұл гидротехникалық құрылыстар 3 мыңға жуық нысанды және 40 мыңнан астам қала тұрғындарын қорғауды қамтамасыз етеді.
 

Сонымен қатар, қалалық ТЖД сел қаупін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жобасын жүзеге асыруда. Бірінші кезеңде Үлкен және Кіші Алматы өзендеріне 10 станция орнатылды. Тағы 21 станция II-де кезеңде қойылады. Жүйе таулы өзендердегі жағдайға 10 параметрге дейін автоматты түрде мониторинг жүргізеді, оның ішінде су деңгейі, ауа мен су температурасы, топырақтың ылғалдылығы, жауын-шашынның қарқындылығы және селді анықтау да тексеріледі", - деп толықтырды баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны