12.02.2018, 20:36 5214

Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бүгінде құрылыс компаниялары Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған алғашқы көппәтерлі 9 қабатты үйлерді қолданысқа беруде. Құрылыстыӊ негізгі мердігерлері болып Семейдіӊ екі ірі компаниясы белгіленген.

Өскемен. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Семейде Қарағайлы шағын ауданыныӊ құрылысы қызу жүріп жатыр. Жұмыс сапары барысында ШҚО әкіміне аталған шағын ауданныӊ құрылысына қатысты жобалар көрсетілді. Сондай-ақ қалада "Абай-Арена" мәдени-ойын-сауық спорт кешенініӊ құрылыс жұмыстары да басталды.

Бүгінде құрылыс компаниялары Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған алғашқы көппәтерлі 9 қабатты үйлерді қолданысқа беруде. Құрылыстыӊ негізгі мердігерлері болып Семейдіӊ екі ірі компаниясы белгіленген. Қазіргі уақытта кірпіш қалау және терезелерді орнату жұмыстары 100% аяқталып, тек үйдіӊ ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар қалада мемлекеттік-жекеменшік серіӊктестік аясында "Фирма Азия" ЖШС 320 орындық балабақша салып жатыр. Нысанды қолданысқа беру мерзімі осы жылдыӊ соӊына белгіленіп отыр. Қазіргі уақытта бұл жерде мектепке дейінгі тәрбие ошағыныӊ іргетасы бекіп, қабырғалары қаланып қойған.

Аймақ басшысыныӊ қатысуымен "Фирма Азия" ЖШС болашақта бой көтеретін "Абай Арена" бірегей кешенініӊ құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Бірегей ғимараттыӊ құрылыс жұмыстарына бірнеше ірі серіктестер мен отандық мамандарды шақырту көзделіп отыр. ШҚО әкімініӊ айтуынша, бұл ауданда көпқабатты бірнеше тұрғын үй салу жоспарланған. Еӊселі тұрғын үйлер атшаптырым аумақты алатын "Абай Арена" кешенін жан-жағынан қоршап тұратын болады.

- Қандай әдемі шағын аудан. Тағы да бірнеше тұрғын үй бой салу керек. Олар "Абай Арена" кешенін жан-жағынан қоршап тұрса үйлесімді көрінеді. Шамамен ол үйлер 12 қабат болса және реӊкін ашық түстен таӊдасаӊыздар. Бұл шағын ауданныӊ тұрғындарына, жалпы қаланыӊ халқына көтеріӊкі көӊіл күй сыйлайды, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар шағын ауданда тұрғындардыӊ жайлылығы үшін кеӊ жолдар төселіп, жаяу жүргіншілер аймағы мен гараждар орналасатын жерлер қарастырылған. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары барысында шағын ауданда құрылысшылар қалашығы салынбақ. Жатақхана мен күніне төрт рет тамақ беретін 200 орынға шақталған асхана да болады. Одан басқа құрылыс жұмыстарына жұмылдырылатын компаниялар мен серіктестердіӊ өкілдері жұмыс істейтін жеке кеӊсе де қарастырылған.

ШҚО әкімініӊ баспанасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны