01.10.2016, 10:24 5288

Шымкент әкімі "1 қазан - халықаралық қарттар күніне" орай қаладағы зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлерды құттықтады

"Ата қайратты болса, бала ғибратты болады" деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әӊгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтыӊ орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі", -деді қала әкімі өз құттықтауында.

Шымкент. 1 қазан. Kazakhstan Today - Шаһар басшысы Ғабидолла Ибдірахымов "Алтын Сарай" мейрамханасында Шымкент қаласыныӊ дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосқан шымкенттік зейнеткерлер мен ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

"Сіздерді, келе жатқан Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Н.Назарбаевтыӊ жүргiзiп жатқан салиқалы саясатыныӊ арқасында Қазақстанда ардагерлердiӊ жақсы өмiр сүруiне көп көӊiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақыныӊ өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеӊiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деӊгейiнiӊ жоғары екенiн көрсетедi. "Ата қайратты болса, бала ғибратты болады" деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әӊгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтыӊ орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі", -деді қала әкімі өз құттықтауында.

Айта кетерлігі, қаламызда қазіргі таӊда 70 мыӊға жуық зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлер тұрады. Зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлерге қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан түрлі әлеуметтік қолдауы көрсетілуде.

Мәселен, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері мен мүгедектеріне 9 мамыр "Ұлы Отан соғысыныӊ Жеӊіс күніне" орай бір жолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 141 ардагерлерге 212100 теӊгеден барлығы 29906,1 мыӊ теӊге әлеуметтік көмек төленді.

Сонымен қатар, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даӊқы" орденімен марапатталған көп балалы аналарға бір жолғы 2 АЕК, 8754 анаға 37134,5 мыӊ теӊге әлеуметтік көмек берілуде. Мұнан тыс, "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мекемесі 454 егде жастағы өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға үйде әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны