11.02.2016, 10:40 3282

Шымкент қаласында полицейлер 30 жастағы алаяқты қолға түсірді.

Алаяқтыӊ құрбаны болғандардыӊ бірі 31-жастағы азамат полицияға шағымданды, оныӊ қандайда бір танысы жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 170 мыӊ теӊге ақшасын алған. Сол күні осыған ұқсас арыздармен бірнеше азамат полицияға жүгінген

Шымкент. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Алаяқтыӊ құрбаны болғандардыӊ бірі 31-жастағы азамат полицияға шағымданды, оныӊ қандайда бір танысы жұмысқа орналастырып беремін деген уәдемен 170 мыӊ теӊге ақшасын алған. Сол күні осыған ұқсас арыздармен бірнеше азамат полицияға жүгінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шымкент ҚІІБ Еӊбекші ПБ-ніӊ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, 1986 жылы туылған облыс орталығыныӊ тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Адамдардыӊ сеніміне кірген алаяқ, адамдарға түрлі құжаттар дайындап беруге және тағы басқа да уәделер беріп, 300 мыӊ теӊгеден астам ақшаны алдап алған.

Қазіргі таӊда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ 190-бабымен "Алаяқтық" қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер де Сіз, алаяқтыӊ құрығына түсіп қалсаӊыз, полицейлер Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесі, №110 үйде орналасқан Шымкент ҚІІБ Еӊбекші ПБ-не немесе "102" телефонына хабарласуыӊызды сұранады.

Оӊтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары танымайтын адаммен жұмысқа тұру, құжаттар рәсімдеу, басқа да маӊызды мәселелерде сенбеуді және келіп түскен хабарламаларға мұқият болуды ескертеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны