27.09.2016, 08:52 4067

Шымкентте кезекті бауыр алмастыру отасы жасалды

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды түрде дамып келеді. Мұнда үш жыл ішінде 70 бүйрек пен 6 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында тағы бір науқасқа кезекті бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жергілікті дәрігерлер бұл операцияны итальяндық профессор Рисалити Андреа бастаған трансплантологтармен бірлесе өткізді. Тоғыз сағатқа созылған бауыр ауыстыру отасы сәтті аяқталды. Бүгінде науқастыӊ жағдайы жақсы. Бұл туралы дәрігерлер журналистерге берген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды түрде дамып келеді. Мұнда үш жыл ішінде 70 бүйрек пен 6 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы - материалдық-техникалық жабдықталуы мен ағзадағы органдарды ауыстыру жағынан тәжірибесі мол және қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген орталық. Аталған ауруханада HLA-лабораториясы белсенді жұмыс істеуде.

Оӊтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таӊда әр түрлі бауыр аурулары бойынша 90-нан аса науқас есепте тұрады. Бауыр ауруыныӊ асқынған түрімен ауыратын науқастардыӊ көпшілігі (гепатит, бауыр циррозы, бауырдыӊ қатерлі ісігі) бауыр алмастыру отасын жасауға зәру.

Осы ретте трансплантация бағытындағы жұмыстарды дамытып, шетелдік мамандардан тәжірибе алмасу мақсатында Еуразиялық Медициналық Ассоциациясыныӊ Қазақстандағы өкілі Е.А.Ясылов пен Италия кәсіпкерлерімен және өндірісшілер конфедерациясыныӊ өкілі Армандо Рисалити арасында меморандум түзілген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны