17.07.2009, 14:02 2354

Шымкентте жер сілкінісінің зардаптарын жоюды пысықтайтын кешенді оқу-жаттығулар өткізілді

Шымкентте жер сілкінісінің зардаптарын жоюды пысықтайтын кешенді оқу-жаттығулар өткізілді

Шымкент. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жер сілкінісінің зардаптарын жоюды пысықтайтын кешенді оқу-жаттығулар өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Мамандардың айтуынша, бұл - кейінгі 13 жылдағы ең ауқымды оқу-жаттығулар. Оқу-жаттығулар барысында қуаты 7 балл шамасындағы жер сілкінісі кезінде туындауы ықтимал 34 түрлі төтенше жағдайларға дайындық жайы пысықталды. Соның ішінде газ жарылыстары, су және газ құбыры коммуникацияларының жарылуы, зардап шеккендерді көшіру, оларды шатыр қалашығында орналастыру және тағы басқа. Төтенше жағдайлар кезінде халық жергілікті өзендердің суымен қамтамасыз етілетіндіктен, осындай жағдай да пысықталды.

"Ең бастысы - қаланы және кәсіпорындарды басқару органдарының және біздің күштеріміздің іс-әрекеттерінің ырғақтылығын қамтамасыз ету", - деді ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің төрағасы Уәлихан Ережепов.

Оқу-жаттығулар бағдарламасына сәйкес қала сыртында 1000 орынға есептелген шатыр қалашығы жасақталды. Мұнда тамақтану, медициналық көмек беру, байланыс және азық-түлікті сақтау бөлімшелері орналастырылды. Шатырлы қалашықтың дайындығын арнаулы комиссия тексерді.

Кешенді оқу-жаттығулардың қорытындысы келесі аптада шығарылады, ал әзірге В. Ережеповтың айтуынша, мұндай оқу-жаттығуларды жергілікті БАҚ-тарда кеңінен жария ету керек.

"Қалада таяу уақыттарда жер сілкінісі болады екен, соған байланысты оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр деген әңгімелер бар. Бұл жерде адамдарға ондай дақпыртатрдың жалғандығын, төтенше жағдайды алдын-ала жоспарлау мүмкін емес екенін түсіндіру маңызды. Біз қандай уақытта да зардап шеккендерге көмекке келуге дайын болуымыз қажет", - деді У. Ережепов.

Оқу-жаттығулардың барысында хабарланғанындай, мамандардың есебі бойынша, Шымкентте қуаты 7 балл болатын жер сілкінісі болған кезде 60 мыңнан астам адам зардап шегіп, 25 мыңдай ғимараттар мен үй-жайлар қирауы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны