04.05.2008, 14:36 2980

Шымкенттегі мемлекеттік кәсіпорындары бірінің қызметкерлері үш айдан бері еңбек ақыларын ала алмай отыр

Шымкенттегі мемлекеттік кәсіпорындары бірінің қызметкерлері үш айдан бері еңбек ақыларын ала алмай отыр

Шымкент. 4 мамыр. "Қазақтан Бүгін" - "Қуатжылуорталык-3" МКК 120 қызметкері үш айдан бері еңбек ақыларын ала алмай отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне кәсіпорын қызметкерлері хабарлады.

"Бізге ақпан айының еңбек ақысының 25 пайызы ғана төленді, енді оның 75 пайызы төленбеген және наурыз, сәуір айларының жалақысы тағы да бар . Мейрам күндеріне бізге ақша мүлдем берілмеді. Бізде 120 адам жұмыс істейді. Қазіргі кезде адамдар демалысқа ақшасыз жіберіліп жатыр, оларға не еңбекақы, не демалыс төлемдері берілмеген", - деді кәсіпорын қызметкерлерінің бірі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Қуатжылуорталык-3" МКК қызметкерлері 15 сәуірде еңбекақы беру талабымен наразылық акциясын ұйымдастырған болатын. Қала әкімдігі кәсіпорын жетекшілерімен өткізген келіссөздерден кейін МКК "Энергоцентр-3" АҚ "Қуатжылуорталығы" алдында қарыздары бар екендігін журналистерге хабарлаған. Сол себептен жұмысшылардың еңбекақысы төленбей отыр.

"Жетекшілердің айтуынша оларда лицензия жоқ, ал лицензиясын ақша берілмейді. Біз әкімдікке хат жаздық. Қаржы полициясы бізді тексереді, сосын айыппұл салады, өйткені бізде лицензия жоқ екен. Бізге тек жөндеу жұмыстарын жасау үшін лицензия берілген . Ал оларға жылуды беру жөніндегі лицензиясы керек екен", - деп түсіндірді кәсіпорын қызметкері.

"Біздің жағдайымыз нашар. Мейрам күндерінде ақшасыз қалдық. Енді тағыда да үш күн демаламыз, тағы да қаржысыз отырамыз. Ал үйде бала шағамыз бар. Біздің қарыздарымыз бар ғой оны төлеу керек. Дүкендерде азық-түлікті қарызға алып жаздырып аламыз, енді оны бізге бермей жатыр", - деді қызметкер.

"Қуатжылуорталык-3" Шымкенттің жылу беру орталығының үштен бір тұтынушысын жылумен қамтамасыз ететін ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 жылу беру желілеріне қызмет көрсетеді. Бұдан бұрын бұл жылу желілері "Южполиметалл" АҚ иелігінде болып, былтыр муниципалды жеке меншігіне берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны