29.02.2008, 17:42 3686

Швейцария үкіметі Семейдегі үш балабақша үшін жалпы көлемі 5 млн теңгеге заманауи асхана жабдықтарын сатып алды

Швейцария үкіметі Семейдегі үш балабақша үшін жалпы көлемі 5 млн теңгеге заманауи асхана жабдықтарын сатып алды

Семей. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Швейцария үкіметі Семейдегі үш балабақша үшін жалпы көлемі 5 млн теңгеге заманауи асхана жабдықтарын сатып алды. Бұл туралы Швейцария конфедерациясының Қазақстандағы бас консулы Ульрих Шлефли Семейге сапары кезінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Швейцария үкіметі №№3, 7 және 84 балабақшалар үшін асхана жабдықтарын сатып алды. Ирбір жинаққа алты комфоркалы электр плитасы, үш бөлімді тамақ жасайтын пеш, электр ет турағыш, жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын тоңазытқыш қамтылады", - деді У. Шлефли.

Оның айтуынша, Швейцария 1998 жылдан бері Қазақстанға қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. "Осы сәттен бері Швейцарияның бас консулдығы жыл сайын Швейцария үкіметінің атынан шағын жобаларды жүзеге асырады. Дәстүрге айналғанындай, көмектің басым бөлігі санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталды. Бұл жобалар көбінесе әлеуметтік жағынан аз қорғалған мекемелерге қолдауға бағытталып, кір жуатын орын мен асхана жабдықтары сатып алынды. Аталған мекемелердегі жағдай тым мәз емес болғандықтан, біз осындай стратегияны таңдап алып, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді консул.

Ол сонымен бірге Семейге Қазақстандағы дипломатиялық әйелдер клубы дәстүрлі қайырымдылық базары кезінде жинаған заттарды әкелгенін хабарлады. "Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың жетекшілерінің жұбайлары базардан тапқан ақшаны Жастар сарайының жанындағы жас техниктер клубын жабдықтауға, №15 балабақшаға арнап ойыншықтар сатып алуға, сондай-ақ, қарттар үйіне арнап кір жуғыш машина-конвейер сатып алуға жұмсауды тапсырды", - деді У. Шлефли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны