16.06.2008, 18:12 3142

Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын ел азаматтары үшін арнайы жадынама дайындап шығарды

Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын ел азаматтары үшін арнайы жадынама дайындап шығарды

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Сыртқы істер министрлігі шетелдерге шығатын ел азаматтарына арнап арнайы жадынама дайындап шығарды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Азаматтарымыздың шет мемлекетке барғанда әртүрлі қиындықтардан сақ болуы үшін Сыртқы істер министрлігі қазақ және орыс тілдерінде арнайы жадынама дайындап шығарды",- деді Е.Ашықбаев.

Оның айтуынша, жадынамада сапарға қалай дайындалу керектігі, азаматтарымыздың көп баратын шет елдердің елшіліктерінен виза алу тәртіптері, жолда жүргенде көңіл аударатын жайттар мен шет елге барғаннан кейін қандай ережелер мен тәртіптерді сақтау және құрметтеу керек екендігі жазылған.

"Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы халықтың әл-ауқатының жақсаруына әсер етіп, шет елге баратын туристер санының едәуір өсуіне жағдай жасады. Дегенмен, Қазақстан азаматтары шетелдерде болу мерзімінде түрлі елдердің ерекшеліктері мен онда өзін-өзі ұстау ережелерін білмеуге байланысты кейбір қиындықтарға душар болып жатады",- деді ресми өкіл.

"Жадынама СІМ-ның сайтына орналастырып, тиісті мемлекеттік мекемелер мен ведомстволар, үкіметтік емес ұйымдар мен туристік ұйымдар арқылы таратылатын болады",- деді Е.Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны