29.01.2018, 17:55 5748

SMS-хабарлама арқылы жаӊа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады

Бір ай ішінде пилоттық жоба аясында 18 мыӊнан астам жас анаға SMS арқылы проактивті тәсілмен қызмет алу ұсынысы жіберіліп, оныӊ 7 мыӊнан астамы келісім берген. Қазіргі таӊда телефон хабарламасыныӊ көмегімен 2 мыӊға жуық туу туралы куәлік жасалып, 777 сәби балалабақшаға кезекке қойылды.

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Енді SMS-хабарлама арқылы жаӊа туған баланы тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеуге болады. ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Асқар Жұмағалиевтіӊ төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияныӊ "Азаматтарға арналған үкімет" ұсынатын проактивті қызметтердіӊ аясын кеӊейту туралы отырысында осындай шешім қабылданды.

Енді қызмет алушы SMS-хабарламаға жауап ретінде өзі тіркеуде тұрған жердіӊ мекенжайын жазып жіберсе, меншік құқығы туралы мәліметтер тексеріліп, меншік иесі рұқсат берген жағдайда нәрестені көрсетілген тұрғылықты жерге тіркейді.

Естеріӊізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелерініӊ бірігуініӊ арқасындабаланыӊ өмірге келуіне байланысты көрсетілетін композиттік қызметтер проактивті принциппен ұсыныла бастады. Соған сәйкес нәрестені тіркеу өтініштері автоматты түрде жасалып, жаӊа босанған аналардыӊ телефонына бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтерді SMS-хабарлама арқылы алуға ұсыныс жіберіледі. Нәтижесінде, балалы болған ата-аналар "Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" фронт-офистеріне бармай-ақ, телефон көмегімен туу туралы куәлік пен тиесілі жәрдемақыларды рәсімдеу, балабақшаға кезекке қою сияқты мәселелерді шешу мүмкіндігіне ие болды. Енді осы проактивті принциппен көрсетілетін қызметтер қатарына сәбиді тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеу қызметі де енгізілді.

Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтыӊ жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асыруға болады.

Ақпарат: Бір ай ішінде пилоттық жоба аясында 18 мыӊнан астам жас анаға SMS арқылы проактивті тәсілмен қызмет алу ұсынысы жіберіліп, оныӊ 7 мыӊнан астамы келісім берген. Қазіргі таӊда телефон хабарламасыныӊ көмегімен 2 мыӊға жуық туу туралы куәлік жасалып, 777 сәби балалабақшаға кезекке қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны