25.07.2008, 10:12 1364

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек заңын бұзғаны үшін 4 млн теңгенің айыппұлы салынды

Солтүстік Қазақстан облысында еңбек заңын бұзғаны үшін 4 млн теңгенің айыппұлы салынды

Петропавл. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында бірінші жартыжылдықта еңбек қатынастарын реттейтін заңнамалық актілерді бұзғаны үшін 229 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментіне сілтеме жасай отырып.

"Жарты жыл ішінде мемлекеттік инспекторлар кәсіпорындарда 575 тексеру жүргізіп, 4 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады", - деп хабарлады департамент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны