08.02.2023, 18:23 36866

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық хабар-ошарсыз кетті

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық хабар-ошарсыз кетті
Сурет: twitter/@cr7stianos
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 8,5 мыңнан астам адам қаза тапты

Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи жер сілкінісі кезінде төрт Қазақстан азаматы жоғалып кеткенін мәлімдеді.
 
Елші бұл ақпаратты Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді.
 

Қазір хабар-ошарсыз кеткен төрт қазақстандық туралы ақпарат бар. Жер сілкінісі кезінде үш азамат Хатай қаласында, тағы біреуі Адана қаласында болған", деді Уфук Экичи.

 
Елшінің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
 
Айта кетсек, Қазақстан азаматы Мирус Құрмашев Түркияның оңтүстігінде болған жер сілкінісінен кейін әріптестерімен бірге жоғалып кеткенін хабарлаған едік.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны