07.03.2022, 17:55 21996

TikTok жалған заңға байланысты Ресейде жұмысын тоқтатады

TikTok қытайлық әлеуметтік желісі Ресейде "фейктер" туралы жаңалыққа байланысты контент пен тікелей эфирлерді (стрим) уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
НҰР-СҰЛТАН. 7 НАУРЫЗ - TikTok қытайлық әлеуметтік желісі Ресейде "фейктер" туралы жаңалыққа байланысты контент пен тікелей эфирлерді (стрим) уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

Жұма, 4 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің әрекеттері туралы жалған ақпарат тарату және Ресейге санкциялар салуға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу туралы заңға қол қойған болатын.

Біздің ең жоғары басымдығымыз - бұл біздің қызметкерлеріміздің және пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігі, және Ресейдің жаңа "фейк жаңалықтар" заңына сәйкес, бізде тікелей эфирді тоқтата тұрудан басқа амал жоқ. Бұл хабар алмасу қызметіне әсер етпейді", - делінген компания хабарламасында.


TikTok жұмысын қайта бастау үшін Ресейдегі жағдайды ескеретінін атап өтті.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны