23.08.2021, 16:19 7745

Тоқаевқа Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы туралы баяндалды

Тоқаев облыс басшылығына өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, вакцина салу жұмысын жеделдетуді тапсырды.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 ТАМЫЗ - Жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысындағы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы облысында коронавирусқа қарсы іс-шаралар аясында қысқа мерзімде 200 төсектік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, 180 жедел жәрдем көлігі және 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. 
 
Облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етіліп, төсек-орындардың 45 пайызы оксигенотерапиямен қамтылған. 17 компьютерлік томограф, 53 рентген, 75 Хай Флу, 606 желдету аппараты жұмыс істеп тұр.
 

Сонымен қатар бүгінде облыс халқының 649 мың тұрғыны екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған. Бұл облыс халқының 60 пайызы вакцинамен қамтылғанын көрсетеді", - делінген Ақорданың хабарламасында.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстауды, вакцина салу жұмысын жеделдетуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны