23.08.2021, 15:57 12958

Тоқаевтың Алматы мен Алматы облысына сапары басталды

Бүгін, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді.
АЛМАТЫ. 23 ТАМЫЗ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Кеше Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында "Қайсар-2021" шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көрді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысты.
 
Бүгін, 23 тамызда Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны