14.03.2011, 13:27 4031

Токиода қайта жер сілкінді

Токиода қайта жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 6,2 балды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 14 - наурыз. Kazakhstan Today - Токиода қайта жер сілкінісі болды. Оның магнитудасы 6,2 балды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"РосБизнесКонсалтинг" РАА хабарлауынша, алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Ибараки префектурасының жағалауында Тынық мұхитының түбінде 10 шақырым тереңдікте болған.

РБК ақпараттарына сүйенсек, жер адамдардың көбі үкімет басшыларының өз үйлерінен алыстап кетпеуі туралы ұсыныстарынан кейін үйлерінде болған кезде сілкінген.

Естеріңізге сала кетсек, Жапонияда 2011 жылдың 11-наурызында қатарынан бірнеше рет жер сілкінісі болған болатын. Олардың ең күштісі 9 балға дейін жеткен. Жер асты дүмпулерінің кіндігі Хонсю аралының шығыс жақ жағалауында, Сендай қаласынан шығысқа қарай 130 шақырымда, ел астанасы Токиодан солтүстік-шығысқа қарай 373 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің салдарынан цунами көтеріліп, жағалауға жақын елді-мекендерді су басып қалған болатын. Расталған ақпараттарға сүйенсек, қайтыс болғандардың саны 1 мың 351 адамға жеткен. Жапония үкіметінің хабарлауынша, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 10 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны