25.07.2018, 23:17 3430

Түркістан облысыныӊ полицейлері тонаумен айналысқан азаматты ұстады

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Қызылорда облысыныӊ тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-ніӊ "тонау" бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктініӊ басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.

Түркістан. 25 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан ҚІІБ-ніӊ кезекші бөліміне орталық ауруханасынан 30 жастағы азаматтыӊ дене жарақатымен дәрігерлік көмек алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары белгісіз азаматтыӊ ұрып-соғып күш қолданып, құны 60 000 теӊге тұратын ұялы телефонын және 20 000 теӊгесін тартып алып кеткенін анықтаған.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Қызылорда облысыныӊ тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-ніӊ "тонау" бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдіктініӊ басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысыныӊ тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуға кеӊес береді. Тонау жайтыныӊ құрбаны болмас үшін, бағалы заттарыӊызды көпшілік орындарында бейтаныс адамдарға көрсете бермеӊіз.

Егер де Сіз осындай қылмыстардыӊ құрбаны болсаӊыз, тез арада "102" нөміріне полицияға хабар беріӊіз.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны