11.10.2018, 12:54 14273

Түркістанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жаӊа филиалы ашылды

Түркістан облысыныӊ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 24 фронт-офис, 5 сектор жұмыс істейді, оныӊ ішінде 2 сектор мамандандырылған ХҚО секторы болып табылады.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында өзгерістер орын алды. Аймақтыӊ қайта құрылуына, Шымкент қаласы республикалық мәртебесін алып, ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгендігіне байланысты, мемлекеттік корпорацияда жаӊа филиал пайда болды.

Түркістан облысыныӊ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 24 фронт-офис, 5 сектор жұмыс істейді, оныӊ ішінде 2 сектор мамандандырылған ХҚО секторы болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияныӊ Түркістан облысы бойынша әкімшілігі Түркістан қаласы, Төле би көш, 63 ғимарат. индекс 161200, Реквизиттері: БСН 180541003290, KZ446010291000066755, БСК HSBKKKZKХзаӊды мекенжайына ауыстырылды.

Шымкент қаласыныӊ тұрғындары мемлекеттік қызметтерді мамандандырылған ХҚО мен көші-қон орталықтарын қоса алғанда жалпы саны 10 фронт-офисті құрайтын ХҚО-дан ала алады.

Шымкент қалалық филиалдыӊ заӊды мекен-жайы: индекс 160011, Шымкент қ, Ил-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көш, 1/16 ғимарат. Реквизиттері БСН 180941014697, БСК HSBKKZKX.

Жеке және заӊды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, сонымен қатар мерзімдер мен тізімдер өзгеріссіз қалады.

Айта кету керек, ауыл шаруашылық қызметтері оныӊ ішінде субсидиялау бойынша, заӊды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, медицина, құрылыс саласы және оралман мәртебесін алу үшін рұқсат беру құжаттарын оныӊ ішінде лицензия және хабарлама дайындау мемлекеттік қызметтері бойынша аймақтық ХҚО-ға жүгіну қажет.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қоғаммен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны