14.12.2018, 21:21 4420

"Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағыты ашылды

Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған облыс әкімдігініӊ ұсынысы Министрлікке жолданып, нәтижесінде ағымдағы жылдыӊ 10 желтоқсанында Түркістан қаласындағы "Алтын Орда" автобекетінде аталған бағыттыӊ ашылу рәсімі өтті.

Түркістан. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Облыс орталығы Түркістан қаласыныӊ Ташкент шаһарымен сауда-экономикалық, туристік қатынастарын нығайту мақсатында "Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағыты ашылды. Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған облыс әкімдігініӊ ұсынысы Министрлікке жолданып, нәтижесінде ағымдағы жылдыӊ 10 желтоқсанында Түркістан қаласындағы "Алтын Орда" автобекетінде аталған бағыттыӊ ашылу рәсімі өтті.

Айтулы шараға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы М.Мырзабаев, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ж.Төлебеков, облыстық мәслихат депутаты Б.Мұсабеков, сондай-ақ "Бақдәулет Сервис" ЖШС-ніӊ директоры Н.Қарабаев, "Алтын Орда" автобекеті директорыныӊ міндетін атқарушы Б.Ижеков және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған бағытқа паритеттік негізде Қазақстандық тасымалдаушы "Бақдәулет Сервис" ЖШС және Өзбекстандық "Узавтотранс" ООО мекемесі қызмет көрсетеді. Айта кетерлігі, бағыттыӊ жалпы қашықтығы - 335 шақырым. Жолға кететін уақыт - 6 сағат 40 минут. Екі бағытта күнделікті 2 автобус қатынайды. Түркістан қаласынан шығу уақыты ("Алтын Орда" автобекеті) сағат 07:00 және 17:00-де. Ал Ташкент қаласынан шығу уақыты ("Ташкент" автовокзалы) - сағат 08:00, 18:00 (Астана уақытымен). Техникалық аялдама - 30 минут. Жол жүру тарифі - 2000 теӊге немесе 50000 сум.

Өз кезегінде "Түркістан-Ташкент" халықаралық автобус бағытыныӊ ашылуы екі елдіӊ арасында туристер ағыныныӊ артуына, жаӊа туристік бағыттар қалыптастыруға және ынтымақтастықтыӊ нығаюына оӊ әсерін тигізетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны