13.04.2007, 17:23 3651

"Валют-Транзит" банкінің экс-президенті қамауға алынды

ҚАРАҒАНДЫ. 13 - сәуір. Kazakhstan Today. "Валют-Транзит" банкінің экс-президенті қамауға алынды. Бұл турады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне А. Беляловтың адвокаты Лидия Шмакова хабарлады.

Оның айтуынша, "Андрей Беляловтың денсаулығы әлі де жақсы емес, бірақ бұған қарамастан ол ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды". Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметіндегілер, мұның заңнама шеңберінде жасалынып отырғандығын хабарлады. "Қылмыстық іс сотқа жіберілгенде айыпталушы қамауға алынады",- деп түсіндірді қаржы полицейлері. Қарағанды облысының қылмыстық-атқару комитеті басқармасындағылар өз кезегінде, Андрей Белялов жатқызылған № 16 тергеу изоляторында дәрігерлердің бар екендігін және де оның "назардан тыс қалмайтындығын" атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Белялов 11-сәуірде 00 сағат 10 минутта жарақат бөлімшесіне жеткізіліп, одан жан сақтау бөлімшесіне ауыстырылған. Бір тәуліктен кейін банктің экс-президентінің денсаулығы бір қалыпты болып, нейро-травматологиялық бөлімшесіне ауыстырылған.

Сонымен қатар, бұрын хабарлағанымыздай, Қарағанды облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті А. Беляловқа тағы екі айып таққан. Енді ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің төрт бабы - 192-бабы (жалған кәсіпкерлік), 325 - бабы (ресми құжаттарды қолдан жасау), 228-бабы (лауазымдық өкілеттілігін жалған пайдалану) және 220-бабы (банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану) бойынша айыпталуда. Қаржы полициясының қылмыстық істі сотқа беру мерзімі 15-сәуірде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны